Коммунист партиясының жалпыроссиялық 12-жиылысы тұрмыстың әрбір қалтарысын бажайлап ақтарып, тексеріп қарап, кеңестік Россияның құрамасының жалпы тұрмысын жөндеуге, 14-ші жылдан бері сыртқы әм ішкі соғыстардың салдарынан халықтың күйзелген, бүлінген шаруасын, шайқалған дәулетін оңдау мақсатын көздеп, кеңес құрамасының әрбір бұрынғы езілген, бұрынғы кемдікте жүрген ұлттарын бір-бірімен теңелтіп, барлығының тұрмысын іс жүзінде жөндеуге түрлі шарттар көрсетіп, қарарлар шығарды.
Қазақстан тәрізді бұрын Россияның патшасының әм ұлықтарының ызғарын көріп қалған, өз арасында еңбекшіл — кедей табы өз байларының тізесін көріп қалған халықтарға 12-партия жиылысының ең бірінші мағыналы, керекті мәселесі — ұлт мәселесін тура шешуге жол көрсетіп қарар қылғаны. Бұл туралы «Еңбекші қазақ» газетінің нұсқап, жол көрсетіп шығарған қарарын қазақшаға аударып басқанбыз.
Ұлт мәселесін тура шешуге жол көрсеткенде 12-партия жиылысының бірауыздан айтқан сөздерінің шығарған қарарының қорытындысы мынау:
1. Бұрынғы қорлықта, кемдікте жүріп қалған ұлттардың арасы мен Россияның енбекші табының арасын жақындастыру, бұрынғы қожа болып қалған орыс ұлтына уақ ұлттардың сенімсіз қарауларын жойдыру.
2. Бұл айтқан мақсатқа жету үшін іс жүзінде орыс еңбекшіл табының кеңес үкіметінің уақ ұлттарға теңдік, ерік, билік беретінін көрсету, жергілікті уақ ұлттардың көп жерінде мекемелерде істі сол уақ ұлттардың ана тілінде жүргізу.
3. Мекемелердің басқармаларына жергілікті ұлттардың адамдарын көп кіргізу.
4. Бұрынғы өнер-білім ретінде, өнеркәсіп дүкендері, кәсіп шаруалар ретінде артта қалған уақ ұлттардың мекендерінде өнер дүкендерін, кәсіп дүкендерін орнатып, соларды жүргізу (промышленность).
5. Әскер алынбай жүрген уақ ұлттардан әскер алынып, олардан бөлек ұлт әскерін жасау керек деген.
Қысқасы, бұрынғы кемдік көріп қалған ұлттарға көбірек сенім қылу керек деген.
Міне, біразы осы. Тағы да көп шарттар, көп нұсқалар көрсеткен.
12-жиылыстың бұл айтқандарын орнына келтірсек, Коммунист партиясының бұрынғы кемдік көріп қалған Россиядағы уақ ұлттар былай тұрсын, күллі күншығыс халықтарына алақаны жайылады.
Сонда ғана Кеңес үкіметінің негізі бекіп, жер-дүниеге қанатын еркін жаяды. Мұны жиылыстың қарарында анық қылып айтты.
1923 жыл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі