Қазақстанда кеңес сайлау мезгілі таянды. Орталық қаладан алыс кейбір жерлерде болыстық исполкомдардың сайлаулары болып та өтті. Бірақ бұл сайлаулардың қалай өткенін білмейміз. Кеңес үкіметінің ұлы жобасы, ұлы бағыты болыстық сайлаудан бастап — жалпы еңбекшіл табының мақсатын көздемейтін адамды, бай әм жуан жұдырық адамды сайлауға кіргізбей, ел билеу тізгінін еңбекшіл табының жалпы бағытымен жүретін, еңбекшіл табының пайдаларын ғана көздейтін адамдарға беру. Еңбекшіл табының өз билігін өзіне беру. Ел билеу тізгінін байларға, күшті жұдырықтарға бермей өз қолына алып, қызмет басына өз кісілерін қою үшін еңбекшіл халық тізе қосып, жұмылып бұл іске кірісулері керек.
Бұрынғы патшаның заманындай енді байлардан, күшті жұдырықтардан қорқатын емес, бұрынғы бұғып қалған еңбекшіл халық енді бүкшеңдемей төрден орын алулары керек. Еңбекшіл халықтың күшті қорғаны — Кеңес үкіметі.
Рас, кейбір сайлауға шыққан Кеңес үкіметін сыртынан алдап жүрген адамдардың байларға, күшті жұдырықтарға болысып кететіндері де болатын, бірақ ол үшін Кеңес үкіметінің істегені осы ғой деп еңбекшіл халық қорқып, бүкшеңдеп байларға, күшті жұдырықтарға билікті беріп жібермеуі керек. Қандай айламен болса да сайлаудан өткен еңбекшіл табына жат адамдар білінсе Кеңес үкіметі оларды қоймайды. Ондай арам ойлы, еңбекшіл табының мақсатын көздемейтін адамдарды ел билеу ісіне ие қылмайды.
Еңбекшіл табының шын азаматтары, әр жерде жұмыла сақ болыңдар!
1928 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі