Бастауын 1926 жылдан алған Қазақ ұлттық драма театрының 97-маусымы 11 қазан күні ашылмақ. Дәстүр бойынша сахна шымылдығы Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен түріледі.
Әуезов театры өзінің актерлік құрамымен және шебер режиссерлік жұмысымен ғана емес, сондай-ақ көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын алатын құнды туындыларымен де танымал. Жаңа маусымда Әуезов атындағы драма театры өз көрермендерін жаңартылған репертуарымен қарсы алатын болады. Ерекше атап өтетін жайт, театр сахнасында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі Мұстафа Шоқайдың қасіретті тағдырын баян ететін «Менің Мұстафам!..» атты моноспектакльдің премьерасы кесілмек.
Ұлттық театрдың жаңалықтарына тоқталсақ, М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойы аясында театр ұжымы Тараз және Шымкент қалаларына гастрольдік сапарғс аттанған болатын. Өнера сапарының бағдарламасы «Қоштасқым келмейді», «Сүйікті менің періштем», «Ай мен Айша», «Қара», «Жүз жылдық махаббат» қойылымдарынан тұрады.
Театрдың айлық афишасымен танысып және өзіңізге ұнаған қойылымға билеттерді сіз https://auezov-theatre.kz/ сайтында сатып ала аласыз.
Театрда жүздескенше!
Алдаяр Аиша
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі