Өлең, жыр, ақындар

Оқушылар ҰБТ байқау сынағын тегін онлайн тапсыра алады

Ұлттық тестілеу орталығы оқушыларға ҰБТ байқау сынағын тапсыруға мүмкіндік берді.

«Бүгін біз ҰБТ-ға дайындалуға арналған онлайн байқау сынағын іске қостық! Тестілеуде ҰБТ-2023 жаңалықтарының барлығы бар» деп мәлім етті орталықтан.

Атап айтқанда онда:

«математика-информатика» бейіндік пәндер комбинациясы;

жауап нұсқаларының қысқартылған саны;

«Қазақстан тарихынан» – 20 сұрақ, «Оқу сауатынан» – 15 сұрақ бар.

Тегін байқау сынағын өту үшін мына сілтемеге өту керек. Тек ЖСН жазып, «ары қарай» деген батырманы басасыз. Құпия сөз қажет емес.

Ақылы байқау сынағын өтушілер мына сілтемені басып, сайтта тіркелуі қажет. Тестілеудің бір нұсқасын тапсыру — 602 теңге.

«Байқау сынақтары арқылы негізгі ҰБТ-ға дайындығыңызды жақсартасыздар деп сенеміз» дейді Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар