Өлең, жыр, ақындар

WhatsApp-тың сіз білмейтін 10 қыры

Бүгінгі таңда смартфон қолданушылары үшін «WhatsApp», «Viber» ұғымдары таңсық емес. Ұялы телефонда өзара қарым-қатынас орнатуға арналған «ватсап» бағдарламасы дүние жүзі бойынша миллиондаған адамдардың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болып отыр. Алайда, аз уақыт ішінде тез танылып кеткен WhatsApp қосымшасының арқытшылықтарын көпшілік жақсы біле бермейді. Егер сіз солардың қатарында болсаңыз, бұл материалдың сізге пайдасы тиіп қалар.

WhatsApp-тың  қандай мүмкіншіліктері бар?

 

1.     Деректердің құпиялылығы

Жеке деректеріңізді (профайл суреті, статус, соңғы кірген уақыт) сырт көзден таса қалдырғыңыз келсе, мәзір панеліндегі «баптауларға» барып, «есеп жазбасындағы» (учетная запись) аккаунтты «приват» деп өзгертіңіз. Ал егер, өзіңізге қатысты барлық ақпаратты толықтай жасырын қалдырғыңыз келсе, аккаунтты «ешкім» деп өзгертіңіз.

2.     Қолданушыға бұғат қою

Егер «ватсапта» әлдебір адам мазаңызды ала берсе, оны бұғаттауға қоюға болады. Ол үшін «баптаулар» - «аккаунт» - «құпиялылық» - «приват» - «бұғатталғандар» амалын орындау керек. Ашылған терезеден «жаңасын қосу» деген түймені бассаңыз, ұялы телефоныңыздағы барлық байланыс номерлері шығады, сол жерден бұғаттауға қойылатын нөмірді таңдайсыз.

3.     Медиа файлдарды автоматты түрде жүктеуді алып тастау

Саяхатқа жиі шығатындар, роуминг кезінде медиа файлдарды жүктеудің қымбат екенін жақсы біледі. Файлдарды автоматты жүктеу опциясын алып тастау үшін: «баптаулар» - «хаттар мен қоңыраулар» - «медиа файлды автоматты жүктеу» амалдарын орындау керек. Ашылған терезеде «сурет», «аудио», «бейне» деген үш баған бар, әрқайсысына кіріп, «ешқашан» деген түймені басып шығыңыз.

4.     Дыбыстық хабарландыруларды басқару

Дыбыстық хабарландыруларды алып тастау үшін «баптаулар» - «хабарландырулар» - «хабарландыру жасау» - «жоқ» деген амалдарды орындаңыз.

5.     Ұялы телефоныңыздағы жаңа нөмірге ауысу

SIM картаңызды ауыстырғанмен «ватсапта» жаңа аккаунт құрудың қажеті жоқ. Бар болғаны «баптаулар» - «есептік жазба» (немесе аккаунт) – «нөмірді өзгерту» амалын жүзеге асырып, ескінің орнына жаңа нөмірді теру жеткілікті.  

6.     Хаттарды көшіру

Бұл өте пайдалы қызмет, өйткені сол арқылы қажетті құжаттарды жоғалтып алмай, дер кезінде табуға мүмкіндік береді. Ол үшін «баптаулар» - «чаттың баптаулары» - «чатты резервті көшіру» амалын орындасаңыз болды!

7.     Өшірілген хаттарды қайта қалпына келтіру

Байқаусызда әлде жүйедегі ақаулардың нәтижесінде «ватсаптағы» хаттар жойылып кетсе, уайымдамаңыз, оларды қайта қалпына келтіруге болады. «WhatsApp» үнемі олардың резервті көшірмесін ұялы телефонның MicroSD картасында сақтап жүреді. Ол үшін сізге ватсапты өшіріп, оны қайта орнату қажет. Сол кезде мессенджерден «хаттардың тарихын қалпына келтіру» деген ұсыныс келеді.

8.     Құпиясөз орнату

«WhatsApp» хаттарын бөгде біреулер оқымасын десеңіз мессенджер-құпиясөз орнатыңыз. Оны ChatLock қосымша бағдарламасының көмегімен жүзеге асыруға болады.

9.     Кез келген үлгідегі файлдарды жіберу

«WhatsApp» бағдарламасында файл жіберу бойынша шектеулер бар: файлдың көлемі 15 Мб-дан аспау керек, тек белгілі бір типтегі файлдарды жіберуге болады деген сияқты. Осыларды алып тастау үшін CloudSend қосымша бағдарламасын жүктеңіз.

10.  Қажет емес файлдарды жою

Мессенджерді жиі пайдаланушылардың смартфондары қажет, қажет емес файлдармен толып тұрады. Қажетсіздерінен құтылу үшін WCleaner for WA бағдарламасын қолданыңыз.

Техникалық даму жарық жылдамдығындай тез ілгерілеп келеді. Оларды тиімді пайдалану арқылы, біз күнделікті шаруаларымызды әлдеқайда жеңілдете аламыз. Егер сіздің таныстарыңыз да «WhatsApp» бағдарламасын қолданып жүрсе, олармен осы мақаламен бөлісіңіз. Қайдан білесіз, бәлкім пайдасы тиіп қалар. 

 

Мәліметтің дереккөзі el.kz сайты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (6)

Азамат

Оте жаксы екен, кобисин билмеппин

Айгерим

Жаксы екен улкен рахмет шындада уакытын калай жасырам деп таба алмаган едим

Молдир

өте керемет

Жанна Бакыт

осы сайт нағыз қажетті нəрселерді жазып жариялайды. Маған өте ұнады.

Гулжан

оте керемет екен

Ватцаптан хабарлама жіберсем бармай жатыр, маған е

Нестим

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз