Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби нақылының бүгінгі өзектілігі

Әбунасыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сон соң айтып берейін» деген пікірінің өмірмен

байланысы қандай?

Еліміз еңсесін тіктегелі бері діңгегінің қаншалықты берік екендігіне көзіміз күн өткен сайынайқын жетіп  келеді. Соның бірі салт-санамыз бенсайран даламыздағы қадірлі, қасиетті сөздер. Қазіргінің кемел ұрпақтары сонны  ұғынып ұлықтауын тоқтатпай келеді. Оған мына екі дәйектемелерім негіз бола алады деп ойлаймын. Біріншіден, болашақтың тізгінін ұстаған білімді жастарымыз. Екіншіден, парасаттылыққа үндейтін қоғамның жаңаша тынысы.

Біріншіден, болашақтың тізгінін ұстаған білімдіжастарымыз. Менің ойымша, осы сұрақты шығыс әмірлерінің орынына біздің Елбасымыз сұраса, Елбасымыз еш қымсын бастан "жастарын" айқараашып көрсетер еді. Неге десеңіз, еліміз қарыштап, өсіп келе жатқан сайын, жастарымыз да жалынды, жігерлі болып келеді. Әл-Фарабидің бұндайданалықсөзі расында таңдай қақтырады. Себебі, бірнеше ғасыр бұрын айтылған  сөзі әлі де ескірмей, мағынасын жоғалтпай отыр. Расымен де еліміздіңболашағы – жастардың жалындаған жігері мен тәрбиесімен тығыз байланысты.

Екіншіден, парасаттылыққа үндейтін қоғамныңжаңаша тынысы. Қоғамымыздың мықтықорғаныболғандықтан тынысымыз – жансарайымызды ашыпотыр. Ол қорған – әуелі шынайы берілген тәрбиежәне білім. Ең әуелгі саты да тәрбие тұрақты орынтебеді. Себебі, көпшілік білетіндей "тәрбиесізберілген білім – адамзаттың қас жауы" деген даналықсөз бар. Айтайын дегенім, тәрбиелі ұрпақтытәрбиелей алған ел ғана іргесі берік қаланғанболашағы жарқын мемлекет бола алмақ.

Қорытындылай келе, тоқсанауыз сөздің тобықтайтүйіні қарапайым қарасөзден үлкен мәнді, мағынаныұғуға болады. Әр сөздің астарын тереңнен ұққан дана халқымыздың ұлағатты сөздерін ұғудан бастауымызкерек. Өйткені, бүгімізді тану үшін кешегі тарихтансабақ аламыз. Міне, осының барлығы – болашағымыздың жарқын бағыты. Ұрпақтың саналы, отбасы берекелі, елі өркениетті болу үшін әуелгітәрбие дұрыс сіңірілу керек. Себебі, дұрыс берілгентәрбие – тәртіптің алғашқы сатысы боп саналады.

Жанерке Мұрат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер