Абайдың ақындық сыны

Басты бет / Шығармалар / Абайдың ақындық сыны

Абайдың ақындық сыны — Шығармалар бөліміндегі материал.

Материал — Абайдың ақындық сыны — осы тақырыптарға байланысты.

Абай – өмірге ой тербетіп, ақылы мен құдіретін танытқан ақын. Сондықтан оның қай туындысы болмасын, белгілі бір дәрежеде даналықтың кілті болып табылады. Ұлтымыз тәуелсіздігін алғалы бері рухани мұрамызды ұлықтау, соның ішінде Абай мұрасына жаңаша көзқараспен, заман талабы тұрғысынан қарап, зерделеу бүгінгі Абайтану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Абай мұрасының аса бір мәнді де нәрлі бөлігі – оның өлеңдеріндегі адамгергершілік қасиеттер, имандылық пен жан-жақты ақыл-ой сипаты туралы толғаныстары.

Абай Құнанбайұлы - өз заманында  қатал сыншы болған тұлға. Адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеген Абайдың мақсаты  – халқын сынмен тура жолға салып, көзін ашу болған.  Қараңғы қазақ  даласында болып жатқан заңсыз әрекеттер мен зұлымдықтар ойшылды қатты ойландырған болса керек-ті. Абайдың бір адамды сынға алғаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны деп қарауымызға болады. Ұлы ақын қазақ халқының тұрмыс-жағдайына жіті қарап, өз сыни көзқарасын қағазға түсіріп отырған. Яғни, ақын шығармалары ақынның елінің қарекеті  мен ахуалын сипаттап,сын көзінен өткізгенін ұғындырады. Абайдың сыншыл пікірін міншілдігі деп қарауымызға болмайды. Ақын тек адам бойындағы мінез-құлықты ғана емес, қоғамдық және  әлеуметтік, ғылыми т.б бағыттарды қамтиды. Бұдан біз Абайдың шығармалары әр тарапты, әрі  ауқымды екенін байқай аламыз. Абай өз тақырыптарында алдымен ұлт мінезін, арсыздық, ұятсыздық, имансыздықты қатал сынайды. Ұлы ойшылдың сыншылдық сыры – сандарлы, көксеуі - асқақ, ойы – күрделі.

Абай ұлы ақын. Өз заманындағы болып жатқан тонау мен адам құқығының тапталуына, қанаушылыққа көз жұма қарай алмаған ақын, үнемі адамдарды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге шақырып отырған. Өз өлеңдерін 19 ғасырда етек алған осындай үлкен мәселелерге арнаған. Дана ақын өз еңбектерінде нағыз адамның бойында болуы керек адами қасиеттер туралы жазып, сол адам бейнесіне антоним қасиеттерді сынау арқылы адамзатты ізгілікке тәрбиелеген. Кешегі 19 ғасырда болған түрлі келеңсіздіктер мен кемшіліктер тек Абай өмір сүрген заманға ғана емес, бүгінгі қоғамға да тән.

Айшат Нақа



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абайдың ақындық сыны деген не?

Бұл бетте Абайдың ақындық сыны тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Шығармалар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Абайдың ақындық сыны материалы Шығармалар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Шығармалар бөліміндегі басқа материалдар Абайдың ақындық сыны тақырыбындағы материалдар ANA жариялаған басқа материалдар