Өлең, жыр, ақындар

Мүмкіндіктерге толы университет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – мол тарихы бар, ғылым мен білім ордасы болып табылатын еліміздің мақтан тұтарлық жоғары оқу орны.  Университет Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы 200 үздік университет қатарына еңген білім ордасы. ҚазҰУ қазіргі уақытта QS жаһандық рейтингінде 150-орынға көтеріліп, ұлттық рейтингтерде көш бастап келеді. Жылдан жылға ҚазҰУ білім брендіне айналуда, себебі университеттің түлектерінің саны артып, ал мамандарына деген сұраныс артып келеді. Әрине  мұндай керемет жетістіктерге ҚазҰУ білім мен ғылымға құштарлығы мол студенттер мен оқытушылардың арқасында жетіп отыр. Университет қабырғасында сапалы әрі ыңғайлы білім беру мақсатында көптеген жағдайлар жасалып отыр. Соның бір дәлелі ретінде «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын айта аламын.

Керемет «бір терезе» қағидатысына негізделген: оқу-білім беру, медициналық, заңгерлік, қаржылық және мәдени ойын-сауық қызметтерін ұсынатын студенттерге арналған орталық. Мұнда студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға көптеген қызметтер  көрсетіледі. Сонымен қатар ҚазҰУ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамын медициналық тексерістен өткізу үшін әл - Фараби Халықаралық Қазақстан-Корей диагностикалық орталығын ашқан.

ҚазҰУ мүмкіндіктерге толы орта, мұнда ғылыми орталық пен технопарк, заманауи техникамен жабдықталған зертханалар, елімізде теңдесі жоқ кітапхана бар. Ғылыми кітапханада шамамен 2 млнға жуық  кітаптар бар. Ол жыл сайын 40-45 мың данаға, жаңа басылымдармен толықтырылып отырады.

Әлемдегі 500-ден аса ірі халықаралық ЖОО-мен әріптестік байланыс орнатқан. 86 қосдиплом бағдарламасы арқылы студенттер әлемнің үздік университеттерінде ҚазҰУ-мен қатар білім алып, тағылымдамадан өте алады. Жер шарының 50 елінен жастар білім алуда. Оқу орнында бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша 225 білім беру бағдарламалар тобы бар. Университетте әлемнің үздік оқытушылары мен атақты профессорлар дәріс береді. 250-ден астам түрлі ғылыми, спорттық, шығармашылық, волонтерлік студенттік клубтар, сондай-ақ студенттік құрылыс ұйымдары білімді әрі белсенді жастардың басын қосып, жақсы орта қалыптастыруда.

ҚазҰУ-нен басқа Орталық Азия мен Қазақстанның бірде-бір университетінде QS Stars бес жұлдызы жоқ! Әлемде барлығы 62 жоғары оқу орнында QS Stars «5 жұлдызы» бар, олардың ішінде: Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Чикаго, Принстон, Колумбия университеттері.

Еліміздегі ең ірі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүргенімді мақтан етемін бе? Әрине, иә! Қазірігі таңда мен «механика- математика» факультетінің қосдипломдық «механика және энергетика» мамандығының магистрантымын. Бұл қосдипломдық бағдарламаның студенттерге берер мүмкіндігі көп. Магистратура жалпы мен үшін  жеке және кәсіби дамудың факторы болып табылады. Бұл шешімді қабылдауда үлкен рөл атқарған ғылымға деген сүйіспеншілігі мол, менің ғылыми жетекшім және еліміздегі мүмкіндікке толы университет.

Университеттің тағы да маған ұнайтын бір тамаша ерекшелігі экологиялық таза аймақта орналасқаны. Алматы сияқты мегаполисте орналасқан ҚазҰУ қалашығы қаланың ең «жасыл» бұрыштарының бірі ретінде кеңінен танымал. Ауасы қала іші ауасынан көлік жолдарынан алыс, тауларға жақын орналасуына байланысты әлде қайда тазарырақ.Тау бөктеріне ашылатын көріністі сөзбен айтып жеткізу қиынға соғар, ал Кереметке барар жол болса раушан гүлдерімен, фонтандарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар «Алматының өкпесі» деп аталынатын ботаникалық баққа жаяу баруып келуге де болады.

Университет әр саланың қас маманын дайындауға жоғарыда айтып кеткендей барлық мүмкіндіктері бар, ыңғайлы білім алу үшін де жағдайлар жасалған. Осындай мүмкіндіктер сыйлап отырған университетке алғысым шексіз.

Керейкулова Айым

ҚазҰУ Механика- математика факультетінің 1 курс магистранты

Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева С.А жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер