Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - білімді жастар ошағы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (1934) - Қазақстан Республикасындағы ең үздік, жетекші ұлттық университет. ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 150 университет қатарында.Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. ҚазҰУ Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының бас рейтингісінің көшбасшысы болып табылады. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік және өндірістік әлеуетке ие. Университетте 16 факультет, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, технопарк және т.б. орталықтар жұмыс істейді. Бұл университетте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, мемлекетік және атаулы сыйлықтың лауреаты атанған атақтылар, ғалым-профессоралар, докторлар,кандидаттар және т.б. зиялылар жұмыс істейді. Жалпы, ҚазҰУ – білімді жастар ошағы.

ҚазҰУ қалашығы - мүмкіндіктер мекені деп аталатындықтан, бұл университетте болашақ мамандарға, яғни студенттерге барлық жағдай жасалған. Бұл қалашықта Әл-Фараби кітапханасы, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, студенттер жатаханасы, тамақтану орталықтары және басқа да мекемелермен қамтылған. Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс жасайды.

Мен үшін ҚазҰУ ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін үлкен мүмкіндіктер мекені. Мен 2022 жылы осындай керемет университеттің студенті атандым. ҚазҰУ қалашығына алғаш қадам жасағалы жүрегімде ең ыстық сезімдер пайда бола бастады. Бұл қалашық өзінің әсем табиғатымен көздің жауын алады. Әрине, тек табиғатына қызыққаным емес, ең бастысы білім сапасы өте жоғары. Бұл жоғары оқу орынына түсу әркімнің арманы деп білемін.Қазіргі таңда, ҚазҰУ да білім алып бастағалы, студенттің қабілетін ашып, дарынын дамытатынын байқадым. ҚазҰУ да өткізіп жүрген әрбір сәтімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.Алдымыздағы 4 жыл студенттік өмірімді ғылымға толы бағдармен және өте қызықты сәттермен өткіземін деп тілеймін. Ең басты тілейтінім жоғары дәрежелі дипломды қорғап шығып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білдей бір профессоры болып, білім берген әрбір оқытушының үмітін ақтау болып табылады.

Кімде-кім «ҚазҰУ қалашығы қандай?» деп меннен сұраса, айтарым ҚазҰУ - сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – білімді жастар ошағы, ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сондықтан да, ҚазҰУ – студенттің айқын болашағы деп санаймын.                                 

Орындаған: Механика-математика факультетінің “математика” мамандығының 1-ші курс студенті Самархан Жанель                              Жетекшісі: Уразгалиева С. А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз