Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ- арманымдағы университет

Мен Алматы қаласында орналасқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің "ғылыми математика" мамандығының, механика- математика факультетінің 1ші курс студентімін. Қазір осы университетті таңдағаныма қатты қуанамын. Менің мамандығым мұнда керемет оқытылады. Математика - көпшілікке қиын әрі түсініксіз ғылым болар,  бірақ мен үшін бұл өте қызықты және тәртіпті талап ететін ғылым.

Не үшін ҚазҰУ? Жыл сайын барлық 11 сынып түлектері арасында жауапты жыл болады: ҰБТ тапсыру, дұрыс мамандық таңдау, мемлекеттік емтихандар тапсыру,  университет және қала таңдау, ата- ана көңілінен шығу. Осы жолдан барлық түлектер өтеді, соның қатарында мен де бармын. Алдымда мемлекетіміздің 100 ден аса оқу орындары тұрды, әрқайсысы әр қалада, әр аймақта. Бірақ ҚазҰУ менің көзіме бірден түсті. Ең алдымен өзінің көз тартарлық көрінісімен және ғимараттарымен. Бас ректораттың алып ғимаратын әлемнің басқа еш жерімен шатастыра алмайсың, ал Алматының таулары бұл көрініске тек айбындылықты қосады. Алматының таулары бұлтсыз, ашық аспанды күні- өмірімдегі ең керемет көріністердің бірі. Бұл көріністі тамашалауға ешқашан шаршамаспын.

ҚазҰУ ды таңдауымның келесі себебі - оның рейтинг бойынша алатын жоғарғы орны. QS WUR әлемдік рейтинг бойынша топ-150 мықты университеттердің қатарына кірді. Ал QS University Rankings рейтингісінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия мемлекеттері арасында ҚазҰУ 200 орынның ішінде 11ші орынды алды. Екі рейтинг бойынша да ҚазҰУ Қазақстан және Орталық Азия бойынша ең жоғарғы нәтижені көрсетті. Демек, ҚазҰУ- Қазақстандағы ең мықты университет десем қате болмайды.

Келесі себепкер - ҚазҰУ көпсалалы университет. Мұнда 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми - зерттеу институттары мен орталықтары сонымен қатар әскери кафедрасы бар; 2 мыңнан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары, ең ауқымды академиялардан 100ге жуық академиктер және т.б. атақты мамандар жұмыс жасайды. Қазір 67 мамандық бойынша 20 мыңнан астам студент, магистранттар мен докторанттар оқып жатыр. Сонымен қатар 9 ұйым және спорттық- шығармашылық клубтар студенттерге өз өнерлерін танытуға, білімнен бөлек жан-жақты болуға көмектеседі. Мұнда өзің секілді студенттер түрлі іс-шараларға қатысу арқылы саған дамуға және ашылуға ықпалын тигізді. Әлемнің 418 ЖОО мен байланыстың арқасында біздің студенттер шет елдің университеттеріне тәжірибе алуға, студент алмасуға, ортақ жобалар жасауға бара алады. Сонымен қатар ҚазҰУда басқа елдерден келген студенттер оқуға келеді: Үндістан, Африка, Қытай және т.б. ТМД мемлекеттерінен студенттер оқуға келеді. Мұның өзін үлкен мүмкіндік деп көремін: шет елдік студенттер үшін - сапалы білім алу, Қазақстандық студенттер үшін- шет ел студенттерімен танысу, жаңа достар табу, шет елдердің мәдениетімен танысу.

ҚазҰУ - мен үшін ең керемет университет. 1 жыл бұрынғы өмірім және қазіргі өмірімде үлкен айырмашылықтар бар. Мұнда түрлі ұлт өкілдерімен, Қазақстанның түкпір түкпірінен оқу іздеп жиналған студенттерімен жақсы қарым- қатынастамын. Әйгілі профессорлардан және білікті оқытушылардан білім үйренемін. Еріктілер ұйымымен жобалар ұйымдастырып, қайырымдылық жасап, әлемді жақсы жаққа өзгертуге кішкентай болсын өз үлесімді қосудамын.  Бұдан артық кешегі түлек үшін қандай бақыт керек?

Орындаған: ҚазҰУ университетінің механика-математика факультетінің 1ші курс студенті Сейсенбекова Жұлдызай

Жетекшісі: аға оқытушысы Уразгалиева Светлана Аманжоловна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз