Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ-мүмкіндіктер қалашығы

Әр адам өмірде екі үлкен таңдаудан өтеді. Біріншісі-мамандық таңдау болса, екіншісі-жар таңдау. Мамандық таңдау өзің айналысқың келетін істі таңдау ғана емес, өзің араласатын ортаны, өзіңнің барлық талантыңды ашатын мүмкіндікті таңдау болып табылады. Сондықтан  мамандыққа төрт жыл өмірін арнайтын студент мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мен де өз таңдауымда 11 жыл бойы саралап келген мамандықты таңдадым. Менің мамандығым ғылыми математика. Бұл мамандықты арманымдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алып, меңгеріп жатырмын. Ғылым мен ғұмырдың бұлбұлы атанған Әл-Фараби атындағы университетте оқу мен үшін үлкен мәртебе.

Әбунасыр Әл-Фараби-қасиетті Отырар қаласында дүние есігін ашып, күндіз бағбандықпен, кешке ғылыммен шұғылданған, бар тапқан тиынын кітапқа жұмсаған, алтын мен жібекке қызықпаған, түркі жұрытының өркениетін әлемге танытқан әлемнің екінші ұстазы. Әл-Фарабидің даналығы мен шығармашылығы, баға жетпес еңбектері өз құндылығын жоғалтпай әлі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа сақталып келе жатыр. Ұлы ғалым атындағы университет 1934 жылдан бері студенттерді біліммен қамтамасыз етіп, өз жұмысын жоғары деңгейде атқаруда. Бұл университетте білімнің нұрын, ғылымның ғұмырын кезіп, өзінің дара жолын қалағандар қаншама. Мүмкіндіктерге толы ҚазҰУ қалашығында әрбір студент ғылымның шырағын жағамын, жаңалық ашып, үлес қосамын деген арман жетегінде жүр. Ал, сол арманның орындалуына университеттегі оқуға деген жағдай, база, ғалымдарымыз жол ашады, дамуға мүмкіндік береді. Біз ертең білімді бойға сіңіріп, ізденіп жүрекке қабылдасақ, ғылымның шырағын жаға аламыз, елдің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз. Жаңа Қазақстанды құруға ат салысатын жастар біздер боламыз.

ҚазҰУ әлемдік ғылыми білім беру кеңістігіндегі жоғары деңгейдегі университет. Майкрсофт компаниясы ҚазҰУ дың цифрлық моделін үздік тәжірибелердің бірі ретінде таныды. Университетте әлемге әйгілі жоғары технологиялық корпарациялардың ғылыми білім беру орталықтары ашылған. Университет көптеген ірі мемлекеттермен келісімшарттар, қарым қатынастар жасаған. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың шет елдерде филалдары жұмыс істейді, Қазақстанның басқа өңірлерінде Әл-Фараби филалдары қызмет көрсетеді. ҚазҰУ-да тек Қазақстандық азаматтар ғана емес әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда. Олардың жоғары деңгейде білім алып, қалашықтағы керемет атмосфераны сезінулері үшін барлық жағдайлар жасалған. Олармен бірге білім ала жүріп, әр түрлі тілдерді меңгеруге, ол ұлттың мәдениетімен, көрікті жерлерімен танысуға, жалпы ұлтты тануға үлкен мүмкіндік аламыз. Студенттерге уақыттарын тиімді өткізулері үшін түрлі студенттік ұйымдар жұмыс жасайды. Олардың бірі студенттердің транспорттық жол картасын дайындайтын, ашылмаған таланттарын ашатын, оларға барлық жағынан көмектесетін «Сұңқар» стунденттер мен магистранттар кәсіподағы стденттердің әлеуметтік экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғау бойынша өз жұмысын атқаруда. Сонымен қатар, студенттерді жақсы істер істеуге шақыратын «Көмек» қоғамдық қоры, студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы «Студенттер Сенаты», жатақхана тазалығы мен студенттердің тыныштығын сақтап, мерекелік іс шаралардың өтуін қадағалайтын «Студенттік кеңес», «Алтын сапа» интеллектуалдық пікірсайыс клубы және т. б. ұйымдар жұмыс жасайды. Бұл ұйымдар студентке жарқын естеліктермен қызықты сәттерді беріп, ғылым мен білім жолында аянбай еңбек етіп, қоғамда өз орындарын тұлға ретінде қалыптастыруға жол ашады. Университетте тарихи, танымал тұлғалармен, шет елдік профессорлармен бірге түрлі кездесулер, конференциялар, іс шаралар  ұйымдастырылп тұрады. Осындай жарқын жүздесулер стуенттердің жан- жақты дамуына, өздеріне кеңес пен тәжірибе жинақтауына зор үлесін қосады. Студенттерді білім нәрімен сусындататын дара тұлғалар, білікті оқытушылар тек оқытып ғана қоймай , Әл Фарабидің «Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөзін басшылыққа ала отырып тәрбие беріп, этика мен эстетиканы сақтауға, тәртіп пен ұқыптылықты сақтауға, алған білім мен ғылымды мінезбен ұштастыруға үйретеді. Университетте студенттерге спорт, бассейн кешендерімен, әр факультетке арналған корпустармен, асханалармен, сабаққа дайындалатын орындармен, дүкендермен, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығымен, интернет орталығымен, Ө. Жолдасбеков атындағы жастар сарайымен, бүгінгі күні ашылған «Magnum daily» маркетімен, Әл Фараби атындағы кітапханамен барлық уақытын үнемдеп, тиімді өткізетіндей жағдай жасалған. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығының тиімді жерде орналасқандығы да студентке тағы бір мүмкіндіктің ашылуы. Таңертеңгі таза ауа, таулардың әсем көрінісі, тиындардың сүйкімді қимылдары, табиғаты келіскен керемет көріністі күн сайын көру жан тыныштығынмен, рухани нәр алуды, тазаруды береді. ҚазҰУ жері қазақтың кең байтақ жеріндей кең, халқы қазақ халқындай көпұлтты.

Әр бір адам үшін ерекше кезең студенттік өмірімді ҚазҰУ жастарымен бірге өткізу үлкен мәртебе. Себебі, олардың  тәрбиесі мен дүниетанымы ерекше, олар барлық жағынан жетілген, өз шабыттары мен таланттарын аша білген тұлғалар деп білемін. Болашақта олар білім мен ғылымның көшбасшы, дара тұлғалары болып қалыптасып, жоғары сапалы маман иесі болып, келекшек ұрпақты білім нәрімен сусындатып, Қазақстанның өркендеуі жолында еңбек етіп өшпес із қалдыратынына сенімдімін. Қазақстанның болашағы жастар болғандықтан дара тұлғалардың сара жолдарын жалғастырып, білімнің биік шыңына шығып, ұлттық мәдени кодты сақтап, елдің даму жолында үлес қосуымыз үшін , білімді де саналы болуымыз маңызды. Ынтымағы мен ауызбіршілігі жарасқан ҚазҰУ қалашығында білім алуға, студенттік өмірдің қызығы мен керемет сәттерін сезінуге барлық бітіруші түлектердің мүмкіндігі бар. Мен де Әл-Фарабидің дана, Абайдың дара жолын жалғастырып, адамзат дамуына өз үлесімді қосып, Отанымның  гүлденуі жолында жұмыс жасаймын. «Біздің жолымыз ұлт бірлігінің жолы».

                                                                                                                                                                                                                        Тәліп Шұғыла

Механика-математика факультетінің 1 курс студенті
Жетекшісі: Уразгалиева Светлана


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер