Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан - зайырлы мемлекет

Қазақстан Республикасы - зайырлы, демократиялық мемлекет. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. "Зайырлы" сөзі - "ашық", "айқын", "сыртқы" деген негізгі мағынаны білдіреді. Жалпы, "зайырлылық" ұғымының ауқымы кең. Бұл ұғым аясында әр адамның  сеніміне, ар- ожданына ешқандай шектеу қойылмайды. Яғни, әр адам дүниетанымдық еркіндігін ұстана  отыра, ар-ождан бостандығын еркін пайдалана отырып, өз сенімін ұстана алады. Демек, бұл дегеніміз азаматтардың дін ұстану еркіндігі өз құқында болады. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11қазаныңда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» заңнамасын негізге ала отырып, Қазақстан зайырлы мемлекет, сонымен қатар, еліміздің тарихының дамуы мен қалыптасуы негізінде ханафи мазхабы мен православиелік христиан дінінің ерекше рөлін, және басқа да конфессиялардың қызметін еркін жасауына мүмкіндіктер берілгендігі көрсетіліп өткен. Зайырлы мемлекет барлық діндерге, дін  сенушілеріне заң шеңберінде еркін қызметтері мен діни сенімін ұстануға мүмкіндік береді.  

Зайырлы мемлекетте әркімнің өз бостандығы мен діни сенімі  өз еріктерінде болғанымен, бұл ұғымды жат діни ағымдардың, радикалды жат идеологияның таралу мақсатында пайдалану дегенді білдірмейді. Қазіргі таңда радикалды идеяларды таратушылар ел тұрғындарының және әлеуметтік желіні есепсіз қолданушылардың діни сауатының төмендігін пайдаланып отыр. Яғни, бұл дінді ұстану өз еріктерінде болғанымен, діни жат ағымның өріс алуы дегенді білдірмейді. Конституциямызда көрсетілгендей,  басты байлығымыз - азаматтардың "зайырлылық"  ұғымында діни наным сенімдеріне құрметпен қарау және де өз құқықтарын сақтай отыра, діндегі адасушылықты болдырмау.

Қорытындылай келе, зайырлы мемлекет кез-келген дінге әртүрлі көзқараста қарайды. Демек, білгілі бір дінге ешқандай басымдық берілмейді. Қазақстан Республикасында ресми дін болмайды және де мемлекет қандай да бір дінге тәуелділік бермейді.Азаматтар діни сенімдеріне қарамастан тең құқылы. Және де Қазақстан халқының рухани мұрасымен, діндердің мәдени және де тарихи құндылығымен қатар, конфессияаралық келісімнің маңыздылығын және де діни төзімділікті, азаматтардың өз діни сенімдерін құрметтейді. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы және зайырлы мемлекет екендігін орнықтыра отыра,  азаматтардың дінді ұстану, ұстанбауы өз құқық еріктерінде болып келеді. Зайырлы мемлекет заңдағы діни сенім бостандығы мен ар-ождан бостандығы негізінде жүзеге асады.

Сеитнұр Аяжан

Жетекші: ҚазҰУ аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз