Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Әл-Фараби (ҚазҰУ) 

ҚазҰУ көп деңгейлі білім беру жүйесіне: жоғары базалық білім (бакалавриат), жоғары арнайы білім, магистратура және докторантура кіреді. ҚазҰУ-ға қабылдау мемлекеттік білім гранттары бойынша және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды даярлау 180-нен астам мамандық бойынша жүзеге асырылады.Мен Маралов Дархан Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студентімін. Механика-математика факультетінің *Математика* мамандығында оқимын. 

ҚазҰУ құрамында 16 факультет, колледж, біліктілікті арттыру институты, 7 ғылыми-зерттеу институты, 67 мамандық бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған 25 мамандандырылған диссертациялық кеңестер бар, университетте 20 мыңнан астам студенттер, магистранттар мен докторлар білім алуда. Сондай-ақ ғылыми инфрақұрылымға 11 орталық кіреді. Университетте 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар көп деңгейлі жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде білім алуда. Бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын жүзеге асыру, студенттермен алмасу және тағылымдамадан өту үшін әлемнің 418 ірі халықаралық университетімен ынтымақтастық жүргізілуде[2].

QS World University Rankings халықаралық рейтингтік агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша 2023 оқу жылында ҚазҰУ әлем университеттері арасында 150-ші орынға ие болды[3]. QS University Rankings for Eastern Europe and Central Asia (QS University Rankings EECA 2016) рейтингінде ҚазҰУ 200 университеттің арасынан 11-ші орынға ие болды [4]. Екі рейтингте де ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы барлық университеттер арасында ең жоғары рейтингке ие болды. Осындай жетістіктері бар университетте оқығаныма өте қуаныштымын . Осы Жоғарғы оқу орнында оқығаныма мақтанамын .

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің
“Механика-Математика” факультетінің “Математика”
Мамандығының 1 курс студенті Маралов Дархан Шалқарұлы
Филология факультетінің аға-оқытушысы
С.А Уразгалиеваның жетекшілігімен 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз