Өлең, жыр, ақындар

"Жастарға кеңес беру алаңы" атты кеңес беру алаңы өткізілді

"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық  мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған іс-шараларды  ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында Құлан ауылдық округі, Халыққа қызмет көрсету орталығында "Жастарға кеңес беру алаңы" атты кеңес беру алаңы өткізілді.

Кеңес беру алаңында 14-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушылар, түрлі бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктері, тұрғын үй, жұмысқа орналасу, әлеуметтік және құқықтық көмек қажет ететіндер, орта арнаулы оқу орнын бітіруші студенттер, орта мектепті бітіруші түлектер түрлі мәселелеріне жауаптар алды.

Кеңес беру алаңында «Отбасы банк», «Халық банк», «КМФ» микроқаржылық ұйымдарының қаржы консультанттары, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» маманы және психолог, заңгер мамандары ауданымыздың тұрғындарына, арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен мұғалімдеріне, аудан жастарына кеңестерін берді.

Шараға барлығы 50-ден аса жастар мен тұрғындар қамтылды. Қатысушылардың басым бөлігі өз кәсібін бастау үшін несие рәсімдеу маманына, сонымен қатар, тұрғын-үй алу мәселесі бойынша «Отбасы банк» қаржы консультанттарына жолығып, сауалдарын қойды. Ал, жеке мәселелер бойынша жастар психолог маманынан кеңес алды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз