Өлең, жыр, ақындар

«Қазақ қыздарын қаратушы» Алекс Лесли тыйымға қарамастан Қазақстанға ұшып келді

Атышулы пикапер Алекс Лесли әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға кіруге тыйым салынғаны туралы ақпаратты өзі жоққа шығаруды жөн көрді.

Қазнетте «қазақ қыздарын қарату» ретінде танылған Алекс Лесли лақап атымен ресейлік блогер Александр Кириллов Қазақстанға әлі де ұшып жүргенін айтты. 16 қарашада құқық қорғау органдары Александр Кирилловтың Қазақстанға кіруіне тыйым салынғанын хабарлады. Бірақ, соған қарамастан пикапшы әлі күнге дейін «ыстық қазақ қызын» кездесуге үмітін үзбейді.

"Ешқандай тыйым жоқ, әйтпесе олар мені ұшаққа да отырғызбайтын еді. Мені Қазақстанда қарсы алыңыздар, мен сізге ұшып барамын", - деп жазды пикапшы.

Өз кезегінде Алматы қалалық Көліктегі полиция департаменті: «Бұл азаматқа Қазақстан Республикасына шығуға тыйым салынған», - деп тағы да растады.

Еске салайық, тыйым салуға блогердің оңтүстік астанада «Ең ыстық қазақ қызын  кім табады» тренингін бастап жатқаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Кириллов өзін секс-нұсқаушы деп атайды және өзінің жанжалды қитұрқы әрекеттерімен, кітаптарымен және  қыздарды қаратуға арналған жаттығуларымен танымал болды.

Бір күн бұрын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресейліктердің қазақ қыздарын қаратуға үйреткені туралы мәлімдемесін зерттейтінін мәлімдеген болатын. Бұл ретте министрлік Қазақстан басқа мемлекеттердің ресми мәлімдемелеріне ғана жауап беретінін атап өтті.

Сонымен, келді ме, келмеді ме?

Жанжалды «қаратушы гуру» Алекс Леслидің (Александр Кириллов) және оның Алматыдағы жаттығуының тарихы күн сайын жаңа қызықты мәліметтермен толықтырылып келеді.

Келесі күні Леслидің елге кіруге бір жылға тыйым салынғанына қарамастан, оңтүстік астанаға ұшып кеткені белгілі болды.

Алайда, ақыры белгілі болғандай, Лесли Алматыға ұшпайды және өзінің Instagram желісіндегі сюжеттерін ойдан шығарса керек, онда ол өзінің оңтүстік астанаға келгені және төлқұжаттық бақылаудан кедергісіз өткені туралы жаңалықтарымен бөлісті.

Бірақ, Qumash Telegram арнасында Леслидің Алматы әуежайынан басқа біреудің  видеосын алып, дауысын салғаны туралы жазба жарияланған болатын. Арбат Медиа көлік полициясы департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, Алекс Лесли шынымен де паспорттық бақылаудан өтпеген және ол Қазақстанда жоқ: «Бүгін халықаралық әуе қатынасы арқылы үш рейс келді. Алекс Лесли - Александр Кириллов - Алматыға, Қазақстанға келмеді»,- деді департамент өкілі Ләззат Қасымжанова.

Еске салайық, Алекс Лесли қарашаның 19-ы мен 27-сі аралығында Алматыда қазақ қыздарын қарату бойынша тренинг өткізуі керек еді. Оқиға туралы хабарландыру жағымсыз пікірлерді тудырды, нәтижесінде қазақстандықтар Леслидің елге кіруіне тыйым салуды талап ете бастады. Сөйтіп, Алматы облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Кенжебек Бекетұлы орысты жер аударуға шақырып, тиісті арыз жазды. Кейін Алматы полиция департаменті Кирилловтың елге кіруіне бір жылға тыйым салғаны белгілі болды.

Автор: Камила Тастанбек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз