Өлең, жыр, ақындар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Палаталарының біріккен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында президент жаңа әділетті қоғам құруға бет бұрған, қазақстандықтардың көңілінде, жүрегінде жүрген ең өзекті сауалдарына нақты жауабын бере отырып, тиісті құрылымдарға мерзімдері көрсетілген нақты тапсырмалар берді.

Президент елдің экономикасын, әлеуметтік салаларын дамыту, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерін материалдық - техникалық әлеуметтік нығайту, заманауи жабдықтармен жабдықталған ауруханалар, мектептер салу, оларды білікті мамандармен қамтамасыз ету, сәбилер мен оқушыларға жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, ең төменгі айлық жалақының мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру ұлттық қордың инвестициялық табысынан түскен қаражаттың 50 пайызын 18 жасқа дейінгі балалардың есебіне аудару, су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару, 100 мың азаматты жұмысқа орналастыру, жас кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру, студенттер жатақханасының мәселесін шешу туралы ой пікірлер мен ұсыныстарын айтты. Қаңтар оқиғасына қатысқанына, өздерінің заң бұзғандарына өкініп жүргендерге бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын жария етті, сонымен қатар кейбір қылмыс түрлерімен белсенді күрес жүргізуге шақырды.

Мемлекет басшысы биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Осының бәрі бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы, яғни бұл Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі Қасымжомарт Тоқаев Жолдауында айтылған, көтерілген мәселелердің барлығы Жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды құруға қажетті экономикалық, әлеуметтік, құқықтық реформаларды жылдам жүргізуге бағытталған нақты бағдар, сондықтан да біз оларды қолдаймыз
Жолдауда айтылған бастамалар мен жүктелген тапсырмалар елдің тұрақты дамуына кепіл болмақ.

Мен, Президенттің қазақстандықтарға айтқан өмір сүру сапасын арттыру және ел ішіндегі тұрақтандыру идеяларын қолдаймын. Ұлттың бірлігі – еліміздің табысты болуының басты факторы. “Келісім қайда болса, бақыт та сонда”, – дегенді байырғы бабаларымыз бекерге айтпаған. Біздің күшіміз – бірлікте! Осы қиын сәтте елге үміт отын ұялатқан Жолдау қоғамның қозғаушы күші ретінде жедел іске асып, болашағымыз жарқын, еліміз аман,  жұртымыз тыныш болсын!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

«Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы

Дінтану мамандығының 2-курс магистранты

Олжабай Нұрлан Батырбекұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз