Өлең, жыр, ақындар

Студенттік өмірдің қызықты кезеңдері

Қайырлы күн!
Кеше ғана мектеп қабырғасында басына ақ бантик тағып жүрген мына мен, бүгінде үлкен өмірге қадам басып, 11 жылдық алтын ұядан қалықтап ұшып,арман қуып, арманымды ақиқатқа айналдыру мақсатында елімізде таңдаулы жоғарғы оқу орындарының бірі Аль-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атандым. Бұл жайында айта бастағанда көңілімде қобалжумен қатар қуаныш та алас ұрып тұрады. "Студенттік өмір ұмытылмас шытырманға толы "- дейді бізден бір көйлек бұрын тоздырғандар.Иә, айтарлықтай екен. Студенттік дәрежені алғаныма екі-үш ай болар болмас студенттік өмірдің қызығымен таныстым. Топтағылармен , жатақханадағы дос-жарандармен қаланың қарыштап дамыған жерін көріп, түрлі іс-шараларға барып та жатырмыз. Былай қарағанда бұл жерлерге студент болмай тұрып та барып жүрміз. Таңғалатын ештеңесі  жоқ тәрізді болғанымен, жаныңдағы серіктермен келгендей болмайды екен.Басында  қысылып, кішкене ұялып жүрдік ,кейіннен танысқан соң ,жақын араласып кеткеніміз сонша,қайда барсақ  та бір-бірімізді  іздеп тұрамыз. Бәрінің де сәнін келтіретін сол достар ,топтастар. Сонымен қатар студенттік өмір мектеп кездердегідей болмайды екен.. Мектеп кездерде бізде оқу жоспары тоқсандарға бөлінсе,студенттік бағдарлама семестрлерге бөлінеді екен.Және студенттік бағдарлама жайлы толық ақпарат силлабус жүйесінде толық енгізіледі.Силлабус деген не? Силлабус студенттерге арналған әр пән бойынша оқу бағдарламасы.Мысалы: сіз сабақта өтетін тапсырмалар мен тақырыптарды,студенттік өзіндік жұмыс тапсырмаларын  көре аласыз.Осы  үш ай уақыт ішінде біз топтастарымызбен ағылшын тілінде "Артур патша"фильмінің көрсетілімін үлкен жоба ретінде өткіздік.Неліктен осы фильмді таңдадық?

Артур патшаның жауынгерлері әр соғыста жеңіске жеткен сарматтар болды.

Сарматтар-б. з. д. IV ғасырдан б. з. д. бірінші ғасырларға дейін Еуразияның Дунайдан Арал теңізіне дейінгі дала белдеуін мекендеген көшпелі иран тілді тайпалардан құралған ежелгі халық,біздің ата бабамыз.Біз бұл жобаны тарихты еске түсіре отырып,болашақ үшін өздерін құрбан еткен ерлеріміздің есімдерін мәңгі есте қалдыру үшін,ерліктері елен қалмас үшін ұйымдастырып,өткіздікБұл жобаны ұйымдастыру кезінде біз топтастарымызбен жақын танысып,бір бірімізге бауыр басып кеттік.Бұл тек  алғашқы қадамдар,болашақта дәл осындай іс шаралар көп болады деп үміттенемін.

Ізгі ниетпен, Уралова Ұлболсын Сырлыбайқызы

Жетекшім: Тлеугабылова З.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз