Өлең, жыр, ақындар

Менің күнделікті өмірім университетке келіп қалай өзгерді

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Қазақ еліміздің және басқа елдердің білімге талпынған жастарына болашаққа жол ашты, сапалы білім берді және өзінің таңдаған ісінің маманы болып шығуға көптеген мүмкіндіктер берді. Қазіргі таңда оқуға түскен универім - Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Бұл жоғары оқу орнының тарихы 1934 жылдың 15 қаңтарынан басталады. 1934 жылдың қаңтарының 19 күні 54 студент оқуды бастады. Содан кейін, осы жылы, яғни 1934 жылы ақпан-наурыз айларында тағы студенттер жинады. ҚазҰУ-да ұлағатты ұстаздарды, дана, көздерінде жалын өрбіген жастарды байқайсың. Ия, міне осы керемет университетте 2022 жылдың қыркүйегінен бастап оқып жатырмын. Менің бағыма орай студенттер үйінен бір орын берді.

Университетке келгелі менің өмірім 180 градусқа өзгерді. Мектептегі өмірім және студенттік өмірім екі түрлі. Мектемтегідей босаңсу жоқ, сабақ маңызды. Негізі мектепте оқығанда 1 жарым сағат бұрын тұрып дайындалып, әдемі болып шығатынмын, ал осы универге келгенде бастапқы күндері солай жүрдім, содан кейін сабаққа 25 минут қалғанда тұрып, 10 минутта дайындалып, шығып кететін болдым. Содан кейін сабаққа барамыз. Универде сабақ 50 минуттан ғана , ал мектепте 80 минут болатын. Бос уақытта бөлмеме барып, жатып, ұйықтап, әл жинап аламын. Сабақтан келген соң тамақ ішіп, энергия жинаймын, кішкене отырып сабақ орындауға кірісемін. Сабақ оқыған кезде уақыттың қалай зымырағаның түсінбей де қаласың, солай кеш болып кетеді. Міне, күнделікті өмірім осындай болып жатыр, бірақ кейде мен бөлмедегі көршілеріммен, группаластарыммен және достарыммен жүріп, студенттік өмірді көріп қайтуға тырысамын.

Негізі, студенттік өмір - үлкен өмірдің бастамасы. Студенттік өмірден біз тәжірибе жинаймыз, есейеміз, тұлға ретінде қалыптасамыз. Қызықтың, қиыншылықтың көбісін студенттік өмірден көреміз. Сол себепті студенттік өмірді жай, естеліксіз өткізіп алмау керек!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

"Химия және химиялық технологиялар" факультеті

1 курс студенті Несіпқалиева Дана Саматқызы

Аға оқытушы Кайракбаева Г. С. жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер