Өлең, жыр, ақындар

Менің университетім

Мен: Өзбекстаннаң келген қазақпын
Аты жөнім Оразова Асем Абдурасул қызы
Мен осы жылы ҚазҰҮ-ға «стоматология» факультетіне оқуға түстім.

Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Елбасымыз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелевич білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз.

Сондай университеттердің бірі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттерінің қатарында.

Қазіргі кезде университетте 16 факультет қызмет атқарады. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде.

Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар, бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады.

Мектеп қабырғасын «Алтын белгімен» бітіргенімде менің алдымда үлкен  таңдау тұрды. Ол – мамандық таңдау. Демек, сол мамандықты меңгеріп шығатын университетті таңдау. Көп толғанып, көп ойландым. Ойлана келе ҚазҰУ-ға жететін университет жоқ екеніне көзім жетті.

Содан мен, шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының грант иегері атандым. Қазіргі кезде қытай тілі мен шығыс елдерінің тарихын оқу
үстіндемін

Факультетіміздің әлемнің басқа университеттерімен байланысы өте жақсы дамыған. Факультет оқытушылары мен студенттері тілдік және ғылыми практикадан өтетін университеттер Үндістанда, Қытайда, Кореяда, Түркияда, Египетте бар.

Мен осындай университете оқып жатқаныма қуаныштымын оз мамандығымның иесі болып шыгамын!

Өзбекістаннаң келген студент Оразова Асем 1 курс Стоматология ҚазҰҮ

Аға оқытувшы Қайратбаева Гулназ Солтанғазықызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз