Бүгін қатқыл қыс тонын ерітіп, қара жердің көрінгені күні. Ағарып атқан таң нұры, көкжиекке еркелеп керіліп тұрғандай. Жыл бойы бізбен бірге болған торғай шырылы мен қыстап келген құстар үні тап бір табиғат оркестірі дерсің. Табиғат тынысын сезініп тұрған мен жер ананың демалыстан келгенін құттықтап тұрғандай, таң азанымен тұрып осы әсем көріністі тамашалауды жөн көрдім. Бұл ғаламаттан менде қалыс қалмайын дегендей Алпыспай атаның әтешіде шақыра жөнелді. Күн шуағы жер бетіне әлі түспеседе, ауыл адамдары ендігі тұрып жатса керек. Кеше ғана терезе алдында гуілдеп соғып тұрған борының, көктем атты арудан ұялып ат тонын ала қашқандай. Көктемнің келгені бүгін болсада “Бәйшешек”дейтін бөбекті асыға күтіп жүрген мен ғана емес. Кәрі емен ағашы мен қарағайдың үстіндегі ақ камзолы шешіліп, күн шуығанан нәр алып тұрғандай. Әй дегенмен көктемнің келген алғашы шуағын, адамдар ғана емес ақсақал еменнің сезінгенін кейін болды ғой. Бұл сәтті ұзақ күттім дегенмен ыстық төсекті тастап, тірлішіктің терең ұйқыдан оянғанын тамашалау кезі мен үшін көркем құбылыс. Жалындаған жаздың күндерінде ауыл балалары болып жиналып ыстық демімізді басып “Басқан” өзеніне сүңгіп-ақ кетуші едік. Қыраулы қыста қаймақ беті мұз болып ауыл балалары қызық көріп сырғанап, өзен жанындағы жалғыз бас үйдегі қария Аманбай ата бізді қуып әлек болған мекен, мінекей бүгін мұзы еріп суы мөлдіреп тұр. Алып ағаш шыбықтары да, күні ертең бүршік атамыз ғой дайындала берейік деп тұрғандай. Ендігі кезек осылардың гүл ашып, көше ішін нәзік иіске толтырар сәті. Ойхойй көктем қызығы әлі алдыда. Ең бастысы тіршіліктің бүгін оянағы емес пе?
Қастер Айжан
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі