Өлең, жыр, ақындар

Энергияны үнемдейтін суда орналасқан үй

Өзінің қайталанбас яхталарымен және суасты демалыс орындарымен танымал болған архитектор Джанкарло Зема лондондық EcoFloLife компаниясымен бірлесіп суда орналасқан, энергия шығыны аз, ауданы 90 шаршы метрге дейін жететін үйлерді құрастыруды қолға алды. Бұл үйдің дизайны қайыққа емес, кәдімгі үйге ұқсайды.

Судағы үй

Бұл жоба Waternest100 деп аталады. Бұл үйдің ені 10 метр, биіктігі 5 метрді құрайды, шатыры күнді ауа-райында 4 кВт электр энергиясын өндіре алатын күн батареяларымен жабылған. Үйдің терезесінен әрине табиғаттың сұлулығын қалағаныңызша тамашалай аласыз.
Сонымен қатар бұл үйде қонақ бөлмесі, асбөлме, ұйықтайтын бөлме, асүй және ванна болады. Әрине мұнымен шектелмейді, тағы да офис, бар т.б қосқысы келген адам қоса алады.

Үйдің бастапқы бағасы 54 000 доллар делінуде.

Судағы үй

 

Судағы үй

 

Судағы үй

 

Судағы үй

 

Судағы үй


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз