Армансыз пенде, ормансыз бұлбұл деген сияқты, әрбір адамның армандары мен, сол арманды орындау жолындағы мақсаты болады. Мен де балалық шағымнан бастап, арман етегінде жүрген балалардың бірі болатынмын.
Ұялы телефондар алғаш пайда болған уақытта мен әлі мектепке бармаған бүлдіршін едім. Телефондағы «диктофонды» қосып алып, «сізден сұхбат алсам бола ма?» деп үйдегілерге маза бермейтінімді ағам әлі күнге дейін айтады. Белгілі біреуге еліктегенім бе не жәй теледидардан көріп алғанымды қайталағаным ба, бұл ойынның қайдан шыққанын ақыры түсіне алмадым. Қолыма қалам алғаннан бастап, ойымды мазалайтын дүниені қағаз бетіне түсіруді әдетке айналдырдым. Осылай бірнеше жыл бойы жеке күнделік жүргізіп, жиырмадан астам блокнот тоздырғаным бар.
Уақыт өте келе, бой жетіп, кезінде күнделігіме жазып жүрген толғауларымды инстаграмм парақшасына жүктеп бастадым.
Бұны байқаған ағам өскен сайын журналистика мамандығына қызуғышылығымды арттырумен жүрді. Телеарналарда жұмыс істейтін таныстары туралы түрлі оқиғалар айтып, мені сол салада елестете бастады. Ағамның өзіндік приницптері бар, «Баланың бір нәрсеге қызығушылығын байқасаң, мейлі ол алғашында түймедей болсын, оны сол жерден іліп алып кетіп, ары қарай қолдау керек. Сол кезде ғана бала болашаққа қадамын нақты басатын болады» деп отыратын үнемі. Тоғызыншы сыныпта құрдастарым ары қарай өмірін қандай саламен байланыстырамын деп ойланып-толғанып жүргенде, менің сенімділігім, бәлкім, осы принциптердің арқасы болар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі