«Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі өткізілді — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.
Материал — мақала — осы тақырыптарға байланысты.
"Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 25-қараша күні Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округі, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты - көп тілді меңгерген жастарға көмек көрсету, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу болып табылады.
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өткізілген «Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі барысында алғы сөзді «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы сөйледі. Турнир Американдық парламенттік форматы бойынша қазақ тілінде өткізіледі.
Іс-шара қорытындысы бойынша пікірсайысшылар арасынан озып шыққан адамдарды марапаттап, оларға сыйлықтар табыс етілді.
1-орын – «Мың бала» фракциясы.
2-орын – «Қызыл жебе» фракциясы.
3-орын – «Дода» фракциясы.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
Бұл бетте «Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі өткізілді тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
«Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі өткізілді материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі