NASA-ның алдын ала деректеріне, сонымен қатар Жапон метеорологиялық агенттігіне сәйкес 2015 жылдың шілдесі бақылап келе жатқан уақыттан бері, яғни 19 ғасырдың соңынан ғаламшардағы ең ыстық ай болған.
Ғалымдар жанама айғақтарды да зерттеген: ағаштардың жылдық шығыршықтарын, мұзды керндер мен мұхит түбіндегі маржан түзінділерді. Бұл деректер Жердің соңғы 4000 жылда максималды деңгейге дейін қызғанын растайды.
Жинақталған NASA мәліметтері тағы да анықталып, алдағы апта және айларда сараланады, бірақ қазір температура 2015 жылдың шілде айында 2011 жылдың шілде айында жасалған рекордтан 0,02ºC-қа жоғарылағаны анық. Биылғы жылдың әрбір айы, NASA деректері бойынша, зерттеу жүргізіліп келе жатқан уақыттан бері ең ыстық айлардың төрттігіне кіріп отырған.
NASA және басқа да агенттіктер температураның айлық және жылдық орташа мөлшерін өлшегенге кішкене әртүрлі тәсілдерді қолданады, сондықтан мәліметтер базасы ұқсас болғанымен, нәтижелері бір-бірінен сәл өзгеше. Мысалы, келесі кестеде Жапон метеорологиялық агенттігінің деректеріне сәйкес температураның 1980-2015 жылдардағы орташа айлық көрсеткіші келтірілген.
Осыған қарағанда, егер әлем бойынша күз әдеттегідей салқын болмаса, биылғы жыл өлшем жүргізген уақыттан бері абсолютті рекорд жасағалы тұр. Бірақ осы жылы қатты болады деп күтіліп отырған Эль-Ниньо температуралық аномалиясының түсуін есептесек, мұндай болуы екіталай.
Адамзат тарихындағы ең ыстық ай Еуропа, Азия мен Американың көптеген қалаларында өлшем іске қосылғаннан бері температураның абсолюттік рекордын жасаған. Көшелерде асфальт еріп, ал көлік қақпақтарында жұмыртқа пісіруге болатындай болды.
Мысалға келтірсек, 9 шілде күні Мадридте көлеңкеде температура 39,9ºC болған. Германия ұлттық рекордын 5 шілдеде жаңартты – бавар қаласы Китцингенде 40,3ºC болды.
БАҚ Үндістан, Пәкістан, Мысыр және басқа елдерде ыстықтан мыңдаған адам қайтыс болғанын айтады.
Температураның жылдық орташа мөлшері тағы ұлғайса мұның арты апатқа ұласуы мүмкін дейді ғалымдар: су деңгейінің көтерілуі, төтенше ыстық кезең, жан-жануарлардың жаппай қырылуы мен табиғи апаттардың ұлғаюы. Бәлкім, өткен шілде адамзатқа жасалған ескерту болуы да мүмкін.
Кейбір климатологтар жаһандық күннің ысуын индустриялық дәуірдегі адамдардың қызметімен байланыстырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі