Өлең, жыр, ақындар

Томонобу Сакурай: ҚАЗҰУ-дың озық оқу ордасы екеніне тағы көзім жетті

Смагулова А.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының  доцент
Жанузакова Г.А. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы

Әлемде ғылым мен жоғары технология бойынша Күншығыс елі өзгелерден әлдеқайда алда тұрғаны белгілі. Жапон халқы білімі мен заманауи технологияларын мұқым жұртпен бөлісіп келеді. Кейіпкеріміз Томонобу Сакурай – Йокогама Тойн университетінің профессоры, PhD докторы. 1966 жылы 4 ақпанда Жапонияның Канагава өлкесінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дене шынықтыру және спорт кафедрасына шақырылған профессор.

Ғалым мансаптық жолын Йокогама ұлттық университетінен бастап, білім беру факультеті, білім беру саласындағы бакалавр дәрежесін алады. Ал болашақ ғалымға 1990 жылы Жаттығу және спорт ғылымдары зертханасы, Йокогама ұлттық университетінің білім беру факультеті, «Жаттығу қарқындылығына зәр лактатының әсері» тақырыбындағы диссертация үшін физиология бойынша магистр дәрежесі беріледі. 2012 жылы Токио ауыл шаруашылығы университетінің Экологиялық симбиотикалық ғылым департаментінің жоғары мектебі, «Қаңқа бұлшықетіндегі эксцентрлік бұлшықет жиырылуынан кейінгі бұлшықет регенерациясындағы азот оксидінің рөлі» атты диссертациясы үшін жаттығулар физиологиясы бойынша PhD дәрежесін алады.

2022 жылдың 13 ақпанда Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жас ғалымдар және студенттер арасында Литвадан келген шетелдік ғалым Казис Милашиуспен бірге, профессор Томонобу Сакураймен онлайн кездесу өткізген-ді. Кафедраның оқу үдерісіне магистранттар мен докторанттарға дәріс оқып, семинарлар жүргізді. Сондай-ақ әріптестік байланыстарды дамыту және шет мемлекеттердің озық технологиялары мен инновациялық әдістерін меңгеру үшін аталмыш профессорлар тартылуда. Кездесу барысында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Ә.Ысқақова шетелдік ғалымдармен ғылыми семинарлар, халықаралық конференциялар ұйымдастыру және өткізу, бірлескен мақалалар мен оқу құралдарын шығару, ғылыми тағылымдамадан өту және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою бойынша халықаралық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруды ұсынған болатын. Аталмыш кездесудің жемісі ретінде 23 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Томонобу Сакурайдың «Дене шынықтыру және спорт ғылымын қаңқа бұлшықеттері тұрғысынан оқыту» бағдарламасы (72 сағаттық көлем) бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

Семинар барысында еліміздегі дене шынықтыру ұстаздары мен спорт саласы мамандарының біліктілігін арттыру бағытында маңызды істер талқыланды. Мақсаты – еліміздегі дене шынықтыру деңгейін көтеру, ҚазҰУ-дың шетелдік профессорлармен ынтымақтастық аясын кеңейту және халықаралық аренада Отанымыздың намысын қорғайтын жаңа буын тәрбиелеу. Курстарға мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және спорт мектептерінің жаттықтырушылары қатысты. Курстар дәріс және тәжірибелік шеберлік сабақтары түрінде спорт алаңында бірнеше секциялар бойынша өткізілді. Мысалы, спорт ғылымының негіздері, жүгіру, секіру және лақтыру негіздері, спорт ғылымының тәжірибесі, жаттығулар туралы ғылым, мәліметтерді талдау, болашақтағы спорт ғылымы. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Әлмира Ысқақова аталмыш іс-шара туралы өз пікірін ортаға салды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер