Өлең, жыр, ақындар

Қызыл кітапқа енген жануарлар өз деңгейінде қорғалып жүр ме?

Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітап” — халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Олардың көбісі қазір жақсы, өз деңгейінде сақталып, бірігейлі нәтижесін көрсетуде. Оған мысал ретінде Киіктерді айта аламыз.

Киік - қазақ даласының киелі жануарларының бірі. Олардың мүйізі, терісі жоғары бағаланатын себептен, оларға деген аңшылық істері қарқынды көбейіп кеткен болды. Олардың саны күрт төмендегені соншалық, оларды Қызыл кітапқа енгізу туралы шешім қабылданды. Бірақ, не демесек те, кей адамдар сонда да оларды аулап, заң жүзінде жауапқа тартылған болатын. Қуанышқа орай, қазіргі таңда киіктер саны біршама көбейіп, қазақ даласында төрт аяқты киелі жануарларымыз жүгіріп жүр.

Қызыл кітапқа енген жануарлар әрдайым өз деңгейінде сақталып, қорғауға алынады. Бірақ, осы кітапқа барынша жануарлар санын енгізбеуіміз міндет!

Адилжан "Adi" Искендиров, 8 А


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз