Қадірлі мұсылман бауырлар, құрметті отандастар! Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! Міне, айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Ауырсынбай ораза ұстауға төзе алған жан, өмірдің басқа да сынақтарына сабырлық таныта алатыны сөзсіз.

Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Баршаңызды Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін!
Рамазан айына тілек, құттыұтаулар
Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер
Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?
Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар
Сұрақ: Ораза айы болған Рамазанның басқа айлардан үстемдігі, ерекшелігі, құндылығы қандай?
Жауап: Исламның бес шартының төртіншісі – қасиетті Рамазан айында күнде ораза ұстау. Ораза хижреттен 18 айдан кейін шабан айының оныншы күні Бәдір соғысынан бір ай бұрын парыз болды. Рамазан – жану деген сөз. Өйткені бұл айда ораза ұстаған және тәубе еткен адамдардың күнәлары жанады, жоқ болады. Салман Фариси хазреттері Расулуллаһтың шабан айының соңғы күні хұтбада былай дегенін хабар берген:
«Ей, мұсылмандар! Сендерге сондай бір ай көлеңкесін түсірмекші, бұл айдағы бір түн – Қадір түні мың айдан да пайдалы. Аллаһу та'ала бұл айда әр күні ораза ұстауды әмір етті. Бұл айда түндерде тарауих намазын оқу да сүннет. Бұл айда Аллаһ үшін аздаған жақсылық жасау басқа айларда парыз орындағандай болады. Бұл айда бір парызды орындау басқа айда жетпіс парыз орындау сияқты. Бұл ай – сабыр айы. Сабыр етушінің баратын жері – жәннат. Бұл ай – жақсы қарым-қатынас айы. Бұл айда мүминдердің ризығы артады. Кімде-кім бұл айда ораза ұстаған кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Аллаһу та'ала оны тозақ отынан азат етеді. Сол ораза ұстаған кісінің сауабындай оған да сауап беріледі.» Сонда сахабалар:
«Йа, Расулаллаһ! Біз бәріміз ораза ұстаған кісіге ауызашар беретіндей, оны тойдыратындай бай емеспіз» дегенде Расулуллаһ алейһиссалам:
«Бір құрмамен ауызашар бергенге де, тек сумен ауыз ашқызғанға да, біраз сүт ұсынған адамға да осы сауап беріледі. Бұл ай сондай ай, алғашқы күндері рахмет (мейірім), ортасы кешірім, соңы тозақтан азат болу. Бұл айда қоластындағыларының жұмысын жеңілдеткендерді Аллаһу та'ала кешіріп, тозақ отынан құтқарады. Бұл айда төрт амалды көп істеңдер! Олардың екеуін Аллаһу та'ала қатты жақсы көреді. Олар: калима-и шаһадат айту және истиғфар ету. Ал қалған екеуін онсыз да әрдайым істеуіміз керек. Олар: Аллаһу та'аладан жәннатты сұрау және тозақ отынан Оған сыйыну. Бұл айда ораза ұстаған бір кісіге су берген адам қиямет күні сусыз қалмайды» деді.
Сұрақ: Рамазан айы келгенде шайтандар адамдарға тиіспейді ме?
Жауап: Иә, тиіспейді. Өйткені Бұхариде өткен хадис шәрифте:
«Рамазан айы келгенде жәннат есіктері ашылады. Тозақ есіктері жабылып, шайтандар байланады» делінген.
islamdini.kz
Сан түрлі дерттің шипасы — құрма
Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз
Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар
Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?
Лаура
Ваау, бұл Ораза айт және Қасиетті Рамазан айы туралы жазылған материал жүрекке ерекше жылы тиеді ғой! Мақалада қасиетті Рамазан айы мен Ораза айт мейрамының мән-мағынасы, адам бойына сабыр-махаббат пен кешірімділік сыйлайтыны сонша шын сезіммен айтылған екен. Ораза ұстап, ниетпен құлшылық жасаған жанның сауапты істері Алла разылығы үшін қабыл болсын деген тілектер оқып отырып көзге бір жылылық үйіріледі. ✨ Бұл мереке тек той ғана емес, жүректерімізді жақындастырып, көрші-қолаңмен, туыспен татуласуға, бір-бірімізге ізгі тілек айтуға әдемі мүмкіндік екен ғой.
Мен өзім оқып отырып: “Қасиетті Рамазан әрбір жанға мейірімділік, сабыр мен береке әкелсін!” деп тіледім, иә шын! ✨