Өлең, жыр, ақындар

Рамазан айына тілек

Жыл бойына сағына күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиеті рамазан - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы, сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы - Рамазан. Ораза адам жанын тазартып, жаман іс-қылықтардан сақтайды. Оразаның мақсаты - мұсылманды рухани тазартып, жанды көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу. Ендеше, тұтқан Оразаларың қабыл болсын!

++++

Қасиетті Рамазан айы құтты болсын, бауырым! Оразаң қабыл, дұғаң қабыл болсын. Жүрегің нұрға толып, отбасыңа береке жаусын. Әумин!

++++

Баршаңызды мүбәрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала ұстаған оразаларыңызды, оқыған Құраныңызды, жасаған қайырымдылықтарыңызды қабыл етсін. Шаңырақтарыңызға тыныштық, жүректеріңізге иман, кәсіптеріңізге мол береке берсін. Рамазан құтты, берекелі болсын! Әумин!

++++

Рамазан келіп қалды ғой!  Ораза ұстау жеңіл болсын, әр ауызашарда Алланың рақымы жаусын. Дұғаларымыз қабыл болып, ниеттеріміз орындалсын. Бірге жақсы амалдар жасайық, бауырым! Рамазан мүбәрак болсын!

++++

Құрметті бауырлар, қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткенімізге шүкір! Бұл ай – жүрек тазартатын, күнәлар кешірілетін, дұға қабыл болатын ұлық ай ғой. Ұстаған оразамыз, оқыған Құранымыз, жасаған жақсылықтарымыз еселеніп жазылсын. Отбасыларымыз аман болсын, елімізге тыныштық, жүректерімізге сабыр мен шүкіршілік дарытсын. Ниеттеріңіз қабыл, тілектеріңіз орындалсын! Рамазан құтты болсын! Әумин!

Оқуға кеңес береміз:

Ауызашар кезіндегі дұға

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Ораза өмірді ұзартады

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?


WhatsApp Telegram

Пікірлер (4)

Ерлан

Пайдама жарады, рахмет

Парасат

Бұл ізгі тілектер мен дұғалар оқырманға Рамазанның мәнін тереңінен түсіндіреді және ұлы айға деген құрметті шынайы сезіммен жеткізеді. Осы тұста ораза ұстап жүрген әр адамға сабыр, иман, тыныштық пен береке тілеймін. Отбасыңызға тыныштық, жақсылықтар мен көркем іс‑амалдар мол болсын. Рамазан айында жасалған әрбір дұғаңыз қабыл болғай! Әумин.

Алма

Супер

Салта

Ұнады

Пікір қалдырыңыз