Өлең, жыр, ақындар

Гиннес рекордтар кітабына енген ең қызықты адамдар

 

     Гиннес рекордтар кітабына енген адамдар, кез келген кісіні таңғалдырмай қоймайды. Әлемдегі таңғажайып,адам таңғаларлықтай дүниені жасау, әркімнің қолынан келе бермейді.Гиннес рекордтар кітабына ену үшін де көп тер төгу қажет. Ендеше ГИННЕС рекордтар кітабына енген ең қызықты адамдар кімдер?

     Джонни Стрэндж- «Темір құлақ» лақап атымен танымал үздік рекордшы. . Ол құлағымен салмағы 677 кг ұшақты 20,4 метрге дейін тарта алды. Оның бұл ессіз рекордын естігенде таңғалмаған адам жоқ шығар. Джоннидың басқа да рекордтары жетерлік. Мәселен ол магнитті жұтып, оны алу үшін қылышты пайдаланған. Тағы да басқа адам ойына симайтын рекордтарымен танымал.

    Ахмед Тафзи- 52 жастағы рекордшы. Ол 1 минутта 43 қарбызды өзінің басымен жарған жалғыз адам. 1,3 секундта 1 қарбыз жарған рекордшы, бұл іспен көп жылдар бойы айналысқан. Бұндай рекорд жасау үшін қаншама қиындық, жарақаттар әкелсе де өз ісінен бас тартпаған. Ахмет Тафци қазіргі таңда Германияда өте атақты адам десе де болады. 

     Ұлыбританиялық Гария Тернер, мойын терісін ішіне 15,8 см ге дейін созған рекордшы. Бұл сирек кездесетін аурудың салдарынан болған рекорд. Ол сирек кездесетін аурудың арқасында Гиннес рекордтар кітабына енген. Ойлап көріңізші, теріні 15 см ге дейін созу мүмкін бе? Бұл сұраққа Гария Тернер оңай жауап беріп қойған. 

    Қазіргі таңда адамдардың қолынан келмейтіні жоқ десе де болады. Технология, білім, спорт жағынанда өте биік деңгейге дейін жетіп жатырмыз. Айтылған бұл рекордшылар да белгілі деңгейге жетуге тырысты. Бізде алдымызға мақсат қойып, соған жетуге талпынайық. 

                                                                                   Фотосуреттер желіден алынған. 

                      

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз