Өлең, жыр, ақындар

Есірткі, нашақорлық — ХХІ ғасырдың үлкен қасіреті

Есірткі, нашақорлық — ХХІ ғасырдың үлкен қасіреті.  Есірткі — өмірді бұзатын зұлымдық. Есірткіге тәуелділік — біздің қоғамдағы қауіпті ауру. Ең сорақысы — есірткіге тәуелділік бүкіл әлем бойынша кеңірек және қарқынды қадамдармен жүріп жатыр.

Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілеттеріңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз. Есірткі адам ағзасына өте зиян. Егер оны қолданған жайдайда көп адамдар сол ес ісірткіге тәуелділігін тез бастайды. Ағза тез қабылдап үйренген жағдайда ағза әлсіреуінен бастап есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді. Есірткі қолданатындардың өмірі ұзаққа бармайды, себебі олардың денелерін улап тастайды да, ең соңында мидың және тыныс алу орталығы тоқтайды. бұл жағдайға алып бармас бұрын жастардың кішкене кезінен ол нәрсенің жаман екенін қалыптастыру керек және қоғам ішіннен наразылық көп болған. Бұл нәрсенің алдын үлкен азаматпен азаматшалар өз ұлдарына кішкене кезден үйретіп оны зиян екенін көрсетсе ол жастайынан ол нәрседен қашатын болады. Және ол ортағада байланысты. Ол ортаны таңдайтын сен болғандықтан ондай достармен жалпы қоғамнан алыстау керек. Ортаңды өзгерту қиын емес, қиыны — өзіңді өзгерту.

Жалпы қайта есірткіге келсек. Елбасымыз: «…. . есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек. Есірткісіз болашақ – ең жарқын болашақ. Болашағымыз нұрлы болсын десек, зиянды әдеттерден, есіртікіден бойымызды аулақ ұстайық. Салауатты өмір салтын ұстанайық.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз