Өлең, жыр, ақындар

Өнер адамымен сұхбат

— Қалайсыз, Рухия әпке? Сізді өнердегі үлгі тұтар жандарымның қатарында санаймын. Сол себепті өзіңізбен сұхбаттасқым келіп еді, қалай қарайсыз?

— Шүкір, рақмет өзіңіз? Жарайды, мен келісемін.

Көп рақмет, енді сізге сауалдарымды жолдай кетейін.

Сіз үшін өмірдің мәні неде?

— Мен үшін өмірдің мәні – сенімде, отбасыда, арман, мақсатта.

Ағылшын тілін білесіз бе?

— Толық сөйлей аламын деп айта алмаймын, бірақ түсінемін, ұғамын.

— Сіздің 2021 жылғы «Славян базары» байқауының гран-при иегері екеніңіз белгілі. Алдағы уақытта тағы да осындай «Славян базары» секілді конкурстарға қатысу ойыңызда бар ма?

— Әрине, бірақ та дәл қазіргі уақытта дәл осы, мынау конкурсқа қатысамын деп айта алмаймын. Себебі, нақты әлі бір шешімі болған жоқ.

— Әнші ретінде сұрайтыным – ән қалай дүниеге келеді яғни қалай жазылады?

— Әр әннің туындауы әртүрлі. Көбіне өмірлік жағдайларға байланысты. Яғни, ішкі жан дүние қандай, ән де сондай болып шығады.

— Ән дүниеге қалай келетінін түсіндім, бірақ жазылуы ше? Студияда деген секілді. Кәдімгі қағазға нота болып түсе ме?Әлде қалай?

— Мен енді орындаушымын ғой. Композиторлар әртүрлі болып келеді. Кейбіреуі қазіргі заманда диктофонға жазады немесе бірінші аранжировкадан кейін мелодиясын шығарады дегендей. Ал, өзімнің дауыс жазу техникама келетін болсам, мен әнді жаттап, сөзін жаттап, қай жерінде қандай техника қолданатынымды ойланып, солай жазамын.

— Ән айтуға қызығатын жастарға кеңесіңіз: Мысалы, мен ән айтуға 2 жылдан бері қызығып келемін. Әрине вокалға қатысып, жаттыққым келеді. Алайда әзірге вокалға қатысуға мүмкіндік жоқ. Бірақ алдағы уақытта міндетті түрде қатысатын боламын. Ал сол вокалға қатысқанға дейін әнші ретінде қандай кеңестер бересіз? Youtube желісінде вокал жаттығулары бар, түрлі распевка секілді дүниелер бар. Солармен жаттыға тұруыма бола ма, әлде әнді көп айта берген дұрыс па?

 Меніңше,егер қазір вокалға қатысуға мүмкіндік жоқ болатын болса, сапалы музыкаларды тыңдап, әртүрлі вокалдық коучтар, тренерлер бар Youtube, Instagram желілерінде. Қазір дамыған заман ғой. Тыңдап көріп, әзірше зерттеуге болатын сияқты. Себебі, зерттеліп болғаннан соң, үйренген нәрсе ол нәтижесін береді менің ойымша.

Өнердегі үлгі тұтар адамыңыз кім?

— Дәл қазіргі таңда үлгі тұтар өнер адамы ол,әлемдік аренадан алатын болсақ, Mariah Carey.

Өнерден бөлек өмірдегі үлгі тұтар адамыңыз кім?

Өмірдегі үлгі тұтар адамым – әкем.

— Шығармашылығыңыздағы жаңалықтарыңыз қандай?

 Шығармашылығымда әзірше айтарлықтай жаңалықтар жоқ. Өзімнің вокал студиямды ашпақшымын және де алдағы уақытта авторлық әндерімді шығаратын боламын.

— Сізге тағы да көп рақмет, осылай кішігірім болса да қарапайым болып, сұхбатыма келісіп, сұрақтарға жауап беріп жатқаныңызға. Бұйырса, Астанаға барғанда өзіңізден вокалдық сабақ алатын боламын. Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

— Ия, бұйырса келіңіз. Көп рақмет!

Бұл сұхбат – менің өнерге деген қызығушылығымның айнасы десем, артық айтпағаным. Яғни өзімнің музыка, ән саласына қызығатынымды жеткізгім келеді. Осы тұста өзіме ұнайтын, үлгі етер әнші әпкеммен кішігірім сұхбаттасып, санамда жүрген сауалдарға жауап алдым. Сұхбаттың мен секілді әнге қызығатын жандарға титтей де болсын пайдасы тиеді деген үміттемін.

Сұхбат алушы: Ақылхан Асылзат (Болашақ журналист)

Сұхбат беруші: Рухия Байдүкенова (Әнші)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз