Алматы қаласының тұрғыны, жас психолог Асқарқызы Дана ханыммен сұхбат.
— Өзіңіз жайлы қысқаша мәлімет айта кетсеңіз?
— Менің есімім Асқарқызы Дана, 2002 жылы 4 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келгенмін. Кішкентай кезімде ата-әжемнің қолында өскенмін.
— Психология саласын таңдап, оны әрі қарай дамытуға не түрткі болды?
— Мен психологияға 11 сыныптан бастап қызыға бастадым себебі біз ҰБТ тапсыратын болғандықтан біздің эмоционалды жағдайымыз тұрақсыз болады. Ата-аналар мен мұғалімдеріміз бізге өзіміз қаламайтын нәрселерді істе, осы мамандықты таңда деп жиі айтады. Содан кейін мен “Куриный бульон”, “Магия утра” деген кітаптар оқыдым, содан бастап менің қызығушылығым ашылды. Бала кезіміздегі травма біздің өмірімзге қалай әсер ететін білдім. Мүмкін меніңде балалық травмаларым бар шығар деп психология саласына түстім.
— Неліктен қыздарға көмек ретінде өзіңіздің жеке курсыңызды аштыңыз?
— Менің ол курсты ашуыма басты себеп көп қыздар маған консультацияға жазылғысы келіп, көмек сұрады. Барлық қыздардың сұранысы “самооценка, женская энергия” жайлы болды. Сол үшінде мен қыздар үшін курс аштым. Бір жағынан курс бағасы өте қол жетімді және де көп практикалық тапсырмалар бар.
Ол қыздардың өз-өзін дамытуына үлкен көмегін тигізеді.
— Сіз қазіргі таңдағы өзекті мәселердің бірі, мектепте қыздар арасныда жиі болатын буллингке көзқарасыңыз қандай?
— Біріншеден буллинг тек мектепте ғана емес универде де бар. Мектептегі буллинг өсіп келе жатқан организмге негативты әсер етеді. Егер қыз баласы енді өсіп келе жатса буллинг оның психикасына кері әсерін тигізеді. Ол өзіне деген сенімділігін жоғалтуы мүмкін.
Және ол қызға буллинг жасаған адамға келетін болсақ, оның үйінде проблемалар болуы мүмкін. Ол ішіндегін кімге айтарын білмей, өзінің агрессиясын сыртқа көрсетуі мүмкін.
— Ондай жағдай сіздің басыңыздан өттіме?
— Менің кезімде мектепте ондай жағдай болмаған. Мүмкін буллер мен болған шығармын, бірақ менің толықтай есімде жоқ. Егер қыздың үйінде проблемалар болса, өзіне сенімсіз болса ол өзін ыңғайсыз сезінеді сондықтан басқа адамдарға агрессиясын шығарады. Бірақ та ондай жағдай менде болмаған.
— Буллингтен зардап шеккен жасөспірімдерге қандай ақыл айтар едіңіз?
— Ең алдымен мұғалімге айту керек. Сыныпта осындай жағдай болғанын, сыныпта буллер бар екенін хабарлау керек. Бірақ та мектеп ауыстырмау керек себебі мектеп ауыстырғанмен ол мектептеде буллингке тап болуы мүмкін. Ең алдымен өз ойын ашық айту керек, өзінің жеке границасын қою керек және де өзіне сенімді болуы керек.
— Зардап шеккен жасөспірімнің психикасына зақым келіп, болашақ өміріне зиян келтіруі мүмкін бе?
— Әрине буллинг 100% өсіп келе жатқан организмге зиян келтіреді. Мысалы бір қызды алайық ол қызды барлығы келемеждеп, оны қорласа ол менде бірдеңе дұрыс емес деген оймен өседі және де ол комплекске айналады.
1. Ол қыз өскенде бірдеңе істесе өзі ұнатқаннан емес біреуге дәлелдеу үшін істейді. Мүмкін ол “трудоголик” болу мүмкін.
2. Мүмкін ол қыз суицид жасауы мүмкін.
3. Мысалы ол қызды үнемі қорлайды және де оның миына мемен осылай сөйлесуге болады, мені қорласа бұл норма деп қалыптасады. Және де ол қыз өскен соң өзіне сондай адамдарды тартатын болады.
— Буллингпен қалай күресуге болады? Бұл жайлы сіздің ойыңыз қандай?
— Буллингпен күресудің ең қауіпсіз жолдары әңгімелесу, тест. Және содан кімде қандай проблема бар екенін біліп, психологпен жұмыс жасауға болады. Келесі жолы, буллингке тап болған қыздың самооценкасын көтеріп, оған барынша қолдау беру керек.
Мектепте қыздар комиссиясын ашу керек. Анонимно жазатын жәшік қою керек, кім қандай буллингті көрді соны жазу керек. Себебі қыздар оны ашық ешкімге айталмайды.
— Ашық әңгімеңізге рахмет!
Сұхбат алған: Жолдасбекова Асылзат
Сұхбат берген: Асқарқызы Дана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі