Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлы (1885-1935) Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Казақ еліне еңбек сіңірген. Жас кезінен өз бетінше алға талпынып, оқу оқып, білім алған.

Ақының көрнекті өлеңінің шұмағында:

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай?

М. Дұлатұлының осы “ Жастарға” өлеңі арқылы ол күллі қазақ еліне,қоғамына өзінің ақындық,көсемсөз шеберлігімен және өзінің халқына,жан-ашырлық қасиетімен казіргі жастарға талпыныс беріп, олардың өзін қолға алу мағынасымен жазған.

Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы — ел тағдыры болды. 

Оның шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.

Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды

Тағы атақты мақалалардың бірі “Біздің мақсатымыз” мақаласында елден себепсіз жиналатын салық, шенеуіктердің көзссіз әрекеттері, дін мен дәстүрге қол сұғу, ата-бабамыздан мұра болып қалған жерді Ресей халқына үлестіру, шіркеу салу секілді мәселелер ашық көтерілген. Мақаладағы маңызды мәселелер халықтың шымбайына тиіп, ұлт зиялыларын қолдайтын азаматтар қатары көбейетінін түсініп, баспасөзді бұғаттап тастады.

Дегенмен ел бірлігі мен тұтастығын сақтап калуды мақсатының арқасында, казіргі жастар кандай киыншылықтар өтіп, бас бермей өзіміздің ойымызды айтып, осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. 

Бүгінгі күннің ұрпақтары – көзі ашық, көкірегі ояу, саналы азаматтар. Олардың қолында осы қиын жолмен жеткен жетістікті ары қартай дамытып, оны жаңа деңгейге өткізіп, тоқтап қалмау деген парызымыз. Елі­міздің болашағы үшін білімді жастарды дайындауғана емес, бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығару керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін әрдайым есте сақтайық, оларға да ұғындырайық.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Умбетбаева Жания 1 студент курс


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер