Өлең, жыр, ақындар

Алаш ойының найзағалы ту ұстары

Газет, журнал оқысаң,
Көзіңді, қазақ, ашасың,
Дүние халін білмесең,
Ілгері қалай басасың.

Міржақып Дулатов

Фәниге келгеніміздегі біздің межеміз қандай?

Қаракөк мынау, алқаракөк фәниге келгендер көп, келмегендер көбірек. Келдік. Көрдік. Жедік. Тойындық. Ендігі сауал бұлығыңыр сананың көмескіленген көкірек көзі қайткен жағдайда ашылар екен? Сана да сілтідей тұнған сүліңгір тыныштыққа “рухани жарылыс” жасасақ тамшыдай ғана тамызық тамар ма екен? Мүмкін дәл осы тамызықтан кейін бойды кернеген намыстан жүрек көзінде толқыныс тұтанар... Бәлкім...

Білеміз дүние жүзі толған халық, сол хабар-ошарды, халықтың хал-жайын, шаруаларын түгел жайып беретін газет пен журнал екені хақ... Және “газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі” десек кеңестік кезеңнің шынжырын тағынған тұлғалы дүлей ұлт көсемдерінің мірдің оғындай сүлей жазбаларымен бейбіт күнге жеткені мәлім.

Санадан тұтанған сауалға нақты әлі жауап ала алмадық.... Дәл осы заматта нақты көңіл көксеген мәселемізге көшейік. Ұлттық рухтың ұлы қамшергі, ту ұстары болған Міржақып Дулатов“ Біздің мақсатымыз “ атты мақаласын да саяси құныстың жауырын қалай жазды?

Алдағы талдауымыз да шамамыз келгенше тарқатып талдап көрелік.

МІРЖАҚЫП МЕЖЕСІ.

220 депутат Выборг қаласында “Бельведер” қонақ үйінде жиналыс өткізеді. Выборг үндеуінде патшаға бағынбауға шақырған || Николай патша қарсы ұйымдастырған саяси шараға Алашорда Әлихан Бөкейханов қатысады... Себебі, Ресейдегі жүйе өзгермей, қазақ автономиясына қол жеткізу мүмкін еместігін түсінген еді. 1906 жылдың 9 шілде Выборг үндеуін |-ші мемлекеттік думаның заңсыз таратылған деп таныған депутаттардың 1906 жылдың 9 шілдегі халыққа жолдаған үндеуі. 1-ші думаны || Николай патша 1906 жылы күштеп таратты. Бұл үндеу ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов түбейгейлі қарсы болды... Ұлт мұратына жолында ештеңеден қаймықайтын тұлға, алашқа бодандықтын шырмауына шырмалалған бостандықды әперуде Әлиханның сенге екі адам болды. Оның бірі Ахмет Байтұрсынов, және Міржақып Дулатов.

1905 жылдардан кейін Алаш қозғалысы өрби бастайды ғой. Сол кезең қазақ елінің мұң-мұқтажын, қайғы - қасіретін “ Қарқаралы петиция” деген құжат қабылданған болатын. Бұл құжаттың өрбіуіне де Міржақып Дулатов өзінің үлесін қосқан. Түпкі мақсаты қазақтың құрып кеткен Ресей құрамында болса да өзінің дербестігін алып шығу.

Мінекей осы мәселер мақаланың жазылуына түрткі болған сотқауылдай себеп... Ал Міржақып Дулатов сол саяси идеяның ұлттық рухтың ұлы қамшыгері болды. Міржақыптың отты сөздері әр қазақтың жанына жетті. Тітірендірді, шіміркендірді, үрейлендірді, намыстарды. Оның сөзі санадағы найзағай жарқылындай лап берді. Жүрекке ыстық қан ұялтатты. Нағыз саяси идея, онда ұлттық рух болғанымен. Ыстық қан, отты найзағай, қуатты күш болмаса, серпіндіретін жігер болмаса бұл мақала маған, басқаға әсері болмас еді.. Және әркетсіз қалар еді. Міржақып Дулатовтың публицистикасы Алаш ойының отты, найзағайлы ту ұстары...

“Ең алдымен қазақ халқы - Ресейге тәуелді халық.... ” деп айтуынның өзінде зілзалаға тұнып тұрған қан-қызыл сөйлем екені көрініп-ақ тұр. Ұлт алдындағы, ел алдындағы жауапкершілікті сезінгеннен кейін жазғаны, сол кездегі патша үкіметінің қысымына қарамай сөз бостандағы өз бостандығым деп жосадай қып-қызыл сөзді параққа төге салды. Бұл сөз емес, қазақтың қаны, жан айқайы дер едім...

“Қазіргі кезбен салыстырсақ бұл сөздердің бірі де айтылмас еді ғой “ деген ой сананы түйреп алды.

СЕРКЕ ГАЗЕТІ ЖӘНЕ БІЗДІҢ МАҚСАТТЫМЫЗ МАҚАЛАСЫ.

(мақала талдауының жалғасы)

Міржақып Дулатұлының мынады керемет сөзі бар: “Ұлт ісі дегенде ұсақ-ірі деген болмайды. Әрбір ұсақ іс ұлтқа адал атқарылса ұлы боп саналады.” Сондықтан әркім өзінің орнында ұлтқа адал қызмет ететін болса, ұлығы артады деген идеяны меңзейді.

1907 жылы Санкт-Петербург қаласында загородный 43 даңғылында, Антокольск баспаханасын да “Серке” газеті жарық көрді. Дәл осы Серке газетінің екінші таралымын да Міржақып Дулатұлының аты шулы “ Біздің мақсаттымыз” атты мақаласы бүркеншік Мадияр есімімен жарық көрген болатын. Бұл мақалада орыс империясының негізгі пиғылын әшкерекелейді және әшкере етті. Бірақ, мақалда “саяси қылмыс белгілері “ бар деп газет әмпескеленіп жабылып қалады.

Мақаланың негізгі ойы “ жер, жер және жер”. 

Жер - отан. 

Жер сол алаш елінің күн көруіне мүмкіндік беретін қазына.

Жер - ауа.

Жер - гео-саяси кеңестік.

Бірінші, осы жердің негізінде алаш жұрты өзінің таңдаған тарихи даңғыл жолы бойынша даму үлесін анықтайды. Және мүмкіндік береді...

Екінші, жердің астындағы, үстіндегі және аспандағы игілік алаш жұртына қызмет жасау керек. Әрбір қазба байлық алаш елінің әр азаматына түйме болып қадалуы керек.

Үшінші, экономикалық тәуелсіздік керек.

Төртінші, алаш мемлекетін де мемлекет құрушы ел, ұлт өзінің ерекшелік деңгейін сақтау керек және басым тұру керек. Бұл дін, тіл және діл.

Бесінші, дәстүрлі қазақи заңға негізделген, яғни тәуелсіз ғылымға негізделген ұлттық демократиялық мемлекет құру...

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ ҚАНДАЙ?

Иә, қазір тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ұлт көсемдерінің аңсаған межесі мен айдай алыстағы ақ бояулы арманына қол жеткіздік. Ахмет Байтұрсынов: - Қиналмайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен өз ауылымның иттері үріп, қапқаны, деп-ау. Жазықсыз жапа шеккендер тірілмеді. Орны толмас орасан обал дүние...

“ Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да не болмайды!”

Бұл халді Әлихан Бөкейханов өзінің “Қыр баласы” деген бүркеншік атпен баяғыда жазып кеткен.

Шерхан Мұратаза айтқандай “ Сол бостандықтың атына шындап міндік пе екен?”

Біз мына мойнымыздағы ұлы жауапкершілікті сезініп жүрміз бе өзі? Ажал жақынбыз ба, әлде өмірге бір табан жақынбызда бір Тәңірге аян. Ажал желкелеп әкеткен де, қараңғылық та қу тіземіз құшақтап қалмайық.

P.S. Гүлнәр Міржақыпқызы мынадай бір естелік бар: “1829 жыл. Қызылорада. Вокзалға келдік. Қызыл вагонь тұр. Терезелері қоршаулы, сыртында күзетшісі бар. Менің даусымнан әкем, терезеден бізге қарайлады. Мен әкемді көрген де қуаныштан жылап жібердім. “ Жылама, айналайын басым бүтін, денім сау болса әлі-ақ келемін” дегені сол еді пойыз рельс бойымен қозғалып кетті. Әкем де сонда соңғы рет көрдім” дейді. Көзіме сараң жас тығылып, кірпігіме ілініп қалды. Жаның пейіштің төрінен орын алғай, Алаш ойының найзағайлы ту ұстары Міржақып Дулатұлы!

Батыстың самал желінен көкірегімді кере кең тыныс алдым.

Айтылмаған дүние көп, бірақ осымен ТӘМАМ.

05 апқан 2023 жыл

Пайдаланылған әдебиеттер 

Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі ғылыми монография - Алматы: Қазақ университеті 2000-358 б

Жақсылық Мәди


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз