Өлең, жыр, ақындар

Расында жастар кітап оқымайды ма?

«Қазіргі жастар кітап оқымайды!»-бұл біздің қазіргі жас буын кітапқа қызықпайды деп үлкендердің шорт кесіп айтатын,ал жастардың жиі еститін сөз тіркесі.Алайда зерттеушілердің пікірін сұрау басқаша нәтижелермен таңқалдырды.Жалпы,қазақстандықтар тұтастай кітаптарды қағаз түрінде де, электронды нұсқада да белсенді оқи бастаған. Мұны кітапханашылар да, кітап дүкендерінің қызметкерлері де растайды.«Жұмыс күндері кешке және демалыс күндері кітап сатып алушылар өте көп, көбіне жастар мен балалар бізге ересектердің ертуімен келеді. Олар әсіресе фэнтези,бестселлерлік және детективтік бағыттағы кітаптарды таңдайды. Сонымен қатар, жақында біздің оқырмандарымыз қазақ әдебиетіне біршама жақын бола бастады.Қуаныш Шонбайдың «Q п Я» атты жаңа кітабы тиражға түскенде бірден сатып алынды, - дейді кітап дүкендерінің сатушыларының бірі.

Сарапшылардың пікірінше, жастардың оқуға деген көзқарасы жағымды бағытта өзгеруде, өйткені бүгінгі таңда олардың рухани әлемін байытудың түрлі жолдары мен шарттары бар. Бұған гаджеттердің соңғы үлгілері де ықпал етеді. Ғаламтордан кез-келген кітапты онлайн түрде жүктеп алып,өзіне ыңғайлы жер мен уақытта ашып оқуға мүмкіндігі бар. Менің ойымша,қазіргі заман ағымына бұл өтте ыңғайлы қадам,себебі қазіргі таңда жастардың таңдауындағы ең арзан деген кітап құны 1500-2000 теңгені құрайды. Ал бұндай бағаны кітап сүйер қауымның барлығының қалтасы көтере бермейді. Осы орайда онлайн кітаптарды оқу көптің қол жептес арманын іске асырады.Бұған дәлел ретінде «Сымбат» дизайн және технология колледжінің 3 курс студенті Мадина былай деді: «Бүгінгі таңда кітаптардың құны қымбат.Ең арзан дегені 2000 теңгеден. Мен қарапайым студентпін, стипендия алмаймын. Сондықтан, мен өзім үшін ең оңтайлы нұсқаны таңдаймын,яғни кітаптың электронды нұсқасын оқу.Дегенімен,мұның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Үлкен кемшілігі - мониторды үнемі қараған кезде көру қабілетіміз нашарлайды. Міне,байқағандарыңыздай жоғарыда атап өткен электронды кітаптардың жағымсыз жақтары да болады,сондай-ақ кітапты өз қолыңа алып,бар ынтаңмен оқығанға не жетсін?!. Қағаз кітаптың ерекше дизайны бар - мұқаба, шрифт, иллюстрациялар. Сонымен қатар, сіз өзіңіз қалаған жолды түртіп алып,маңызды және қажетті нәрселерді атап көрсете аласыз. Кітапқа толы шкафты қараудың өзі үлкен қуаныш деп санаймын.

Шынында да, бүгінгі күні адамға кітап сатып алу үшін, әсіресе классиктер мен жаңалықтарды сатып алуға орташа есеппен 4000-5000 теңге қажет. Бұл қарапайым студенттерге қымбат «рахат» болып көрінуі мүмкін. Осыған байланысты сұрақ туындайды: біздің қиын нарықтық әлемде кітаптарды арзандатудың жолдары бар ма? Менің ойымша,қымбат дүкендерден кітап сатып алудың қажеті жоқ - оны бір айға қаланың кітапханаларынан уақытша оқуға алуға немесе көшеде отырған ата-әжелерден кітап сатып алуға болады,көшеде өтіп бара жатқан адамдар міндетті түрде ескі болса да,өзіне керек кітапты табады деген ойдамын. Осылайша сіз өзіңіздің жеке кітапханаңызды өте оңтайлы бағамен - 500 теңгеден толықтыра аласыз.

Жалпы, қазіргі жастар қандай кітаптарға  көз жүгіртуді ​​жөн көреді?

«Гарри Поттер», «Ымырт», «Көріскенше», «Алхимик», «Шантарам», «Тақтар ойыны». Әрбір студенттің және оқушының дербес кітапханасынан табылған танымал кітаптар.Аталған кітаптар шыққаннан бері ең көп сатылған кітаптардың қатарына кіреді. Мәселен, «Гарри Поттер және қарғыс атқан бала» кітабының соңғы сериясы интернетті ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі кітап сөрелерін сөзбе-сөз «жарып жіберді». Бұл кітап 2016 жылғы бестселлерлер тізімінің көшбасшысы болды. Поттерян ең танымал кітап серияларының бірі болып қала береді. Ағылшын жазушысы Джоджо Мойестің кітаптары сапалы жарнамалық трюктері мен фильмге бейімделуімен ғана емес, ерекше романтикалық рухымен де танымал болып келеді және оның шығармалары қазақстандық оқырмандардың жүрегінен құрметті орын алды.

Мен осы орайда қызығушылық танытып,кітап іздеп жүрген бірнеше студенттен «қандай кітаптар оқуды жөн көресіз?»-деп сұрадым. Алған жауабым мынадай болды:

«Мен ғылыми фантастика оқуды ұнатамын. Анда-санда классиканы оқимын, алайда ондай бағыттағы туындылардың мазмұнына терең үңіле алмадым », - дейді Абай атындағы орта мектебінің тәрбиеленушілерінің бірі Тұрғынбай Айдана.

Қорытындылай келе, мен өскелең ұрпақты барынша кітап оқуға шақырғым келеді.Себебі қарапайым кітап оқу адамның жан дүниесін 180°-қа өзгертіп жібере алады,себебі кейбір оқылған әңгімелер өмір бойы есте сақталып, тіпті тағдырға әсер етеді. Кітаптар, адал дос сияқты, өз тәжірибелерімен бөліседі және қызықты сұрақтарға жауап береді. Олар сіздің қандай адам екеніңізді, қандай мінез ерекшеліктеріңіз бар екенін түсінуге көмектеседі.Тіпті,белгілі бір адамнан қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыз деп сұрау арқылы,сол адамның ішкі әлемі туралы көп нәрсе білуге ​​болады.

Сондай-ақ менің байқауымша,қазіргі таңда көптеген жандар өміріндегі аса құнды дүниені-уақытын рахат пен көңіл көтеруге жұмсайтын болған, содан кейін олардың өмірде жасағанынан гөрі,жасайтыны көп болатынына таң қалудың қажеті жоқ.Бүйтіп уақытыңызды ысырап еткенше, ұлы адамдардың кітаптарындағы идеялардың оң әсеріне бой алдырған дұрыс па деген ой туындайды.

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университетінің 2 курс студенті Әбдурәсіл Жанерке


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер