Өмір – бұл әрбір пенде үшін берілген үлкен нығмет! Оның уақыты шектеулі, тым қысқа. Қай кезде тоқтайтынын, болжап та білмейміз. Алла Тағаланың берген бір жақсылығы болар, нақты өміріміздің соңын білмейтініміз. Егер білген болсақ онда әр сәтімізден мән қашар еді. Өмірге келіп, нағыз адам болып өмір сүру - өз қолымызда. Басқан әрбір қадамыңыз ниетіңізден бастау алады. Шынында да таза жүректің кірлемеуі не сол күйінен ауытқымауы өзгенің сынақ болып келгеннен емес, сол сынақты қабылдау өзіміздің еркімізден. Қалай қабылдаймыз? Мәселе сонда! Сабырдың түпкі тереңнен бой алмасақ өмірдегі кез келген сынақты қабылдай алмас та едік. Алла Тағала сабыр етуді, шүкір етуді бізге бекерден бекер айтты деймісің! Бұл да бір пенденің жолынан бақ кетпесінші, маңдайы сәждеден ажырамасыншы деген жақсылықтың игі жаршысы ғой. Адам бұл жалғанның қонағы өседі, өнеді қайтадан топыраққа сіңеді! Тек сізбен мәңгі өшпейтін, сізбен мәңгі жүретін ол игі іс, тек осы іс сізбен мәңгі жүреді, ал қалғандары ерте ме? Кеш пе? Ұмыт болады. Тек ісіңіз Алла тағаланың алдында өшпейді. Өмір қысқа, ұзақтай көріп аласыз, ұйқымен, керек емес бос іспен өмірімізді қалай құр текке құртамыз! Өмір бір-ақ рет берілді, сондықтан неге оны пайдалы істермен өткізбеске! Алла жолында жұмсалған уақыт ешқашан да текке кетпейді!
Автор: Абдраманов Арсланбек ©
AbdramanovArslanbek
Сиз қазіргі замананың Абайы сияқтысыз. Сіздің әрбір нақыл сөзіңізден, әрбір ойыңыздан өзіме терең мағына, өмірлік сабақ алдым. Сөздеріңіз жай ғана мәтін емес, жүрекке жететін, ойды оятатын рухани қазына дер едім.
Кітабыңызды алып, екі рет қайтара оқып шықтым, бірақ әр оқыған сайын жаңа бір қырын, жаңа бір ойды аңғардым. Алғашында жүрекпен қабылдасам, екінші рет ақылмен сараладым. Сіздің ойларыңыз мені өз-өзіме есеп беруге, өмірге басқа көзқараспен қарауға үйретті.
Қазіргі заманда шындықты ашық айтып, ұлттың рухын, адамгершілікті, ар-ұятты осылай дәл жеткізе алатын қаламгерлер өте аз. Сіз сол сирек тұлғалардың бірісіз. Түркиядан болсам да, ойларыңыз маған жақын, себебі шындық пен даналықтың ұлты болмайды.
Алла сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, таусылмас шабыт берсін. Сіздің еңбектеріңізді тек Қазақстан емес, бүкіл түркі дүниесі оқитын күн алыс емес деп сенемін. Біз сіздің жаңа еңбектеріңізді асыға күтеміз.
Дико
AbdramanovArslanbek, кім туралы айтып жатсыз? Қандай кітап?
Miku
Жарысқа айтам көреміз❤
AbdramanovArslanbek
Деп Чепни Серхат Өзтүрік деген Түрік айтыпты