Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!
Мағжан Жұмабаев
Өткен ғасырдың жалынды жыршысы, ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың аса туған ардақтысы Мағжан ақынымыз жастарға деген үкілі үмітін өзінің жыр шумақтарымен өрнектесе, жаңа ғасыр-ғылым мен техниканың ғасыры Елбасымыздың «Еліміздің болашағы-жастардың қолында» деген сөзі арқылы жастарға деген сенімділіктің жаңа жүгін ала келді.
Қай кезеңде де қоғамды құртатын да, гүлдендіретін де жастар. Оған тарих куә. Тарихы сан ғасырдың тереңіне бойлаған «қазақ» деп аталатын халықтың ел бастаған көсемдері де, сөз бастаған шешендері де, «ертеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төксе озған» жүйрік ақындарды да, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен дана билері де, қалың жауды жусандай жапырған батырлары да осы жастардан шығыпты.... Азғантай ғана ғұмырында жалындаған жастықтың жалауын желбіреткен ғалым Шоқанның, «алуға күнді барып белді буған» ақын Сұлтанмахмұттың, қазақтың ұлттық рухын қалам ұшына сыйғызған білген жазушы Саттардың, ел тәуелсіздігі үшін жанын шүберекке түйген Қайрат пен Ләззаттың өшпейтін өнегелі өмірі бүгінгі жастарға ғана емес, болашақ үшін үлкен үлгі болары сөзсіз.
Жастық шақтың шығармас шыңы, жеткізбес қыры жоқ десек те болады. Ақиық ақын Мұқағали да жастықты өзгеше бағалап, адам өмірінің осы бір ерекше кезеңін өлеңмен былайша өренктеген екен:
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.
Жастық менің жаныма жыр байлады.
Жастық мені жалтартпай шыңға айдады,
Жастық мені шындады, шынықтырды,
Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.
Шынында да, жастық-берері, үйретері мол тамаша кезең. Мектептердің жаппай компьютерленуі, жаңа оқу орындарының ашуылуы, тіпті дағдарыс кезінде білім алғысы келген жастарға тегін оқуға Елбасының жағдай жасауы-бәрі-бәрі бүгінгі жастар үшін үлкен бақыт, үлкен қуаныш.
Ендеше, үкімет пен Елбасы тарапынана жасалған жақсылықтарға біздердің, жастардың жақсылықпен қайтарымы болуы керек. Ел болашағы-басқа емес, біздер екендігімізді әрбір жас сезіне білсек қана, ел ертеңі ертегідей болар еді. Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын орындап жалғастыру-жастардың еншісіне тиген ардақты іс. Ұлы ұстаз,ақындардың ақыны Абай атамыз:
Жас жүрек жайып саусағын
Талпынған шығар айға алыс, - дегендей, мен де өзге жалынды жастардай Отаныма адал қызмет етіп, Қазақстан деген елді бүкіл дүние жүзіне танытып, дамыған елу ел қатарына қосылу үшін бар күш-жігерімді арнаймын.Әрбір жас өркен өз елінің тілін,тархын,әдебиетін қастерлеп, жақсы оқып, шынайы пәк жүрегімен еліне адал еңбек етсе ғана ел болашағы жарқын болмақ!
Бойынан шабыт, шаттық тарқамаған,
Жастыққа бар сенімін артады адам,
Өрлей бер, замананың керуені,
Үміт пен бақыт жүгін арқалаған!
Самғат Наргиз
Атырау мемлекеттік университеті
Журналистика 2-курс
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі