Өлең, жыр, ақындар

Жасуша, оның құрылысы 2

Жасушаның негізгі қызметі

Тірі жасуша күрделі - динамикалық өзгерістер өтіп тұратын жүйе. Онда зат алмасуы, жаңару, өсу, көбею сияқты өзгерістер болып тұрады. Жасушаның өмір сүру қабілетіне оның тіркеніштігі, қозғыштығы, өсуі, көбеюі кіреді. Жасушадағы зат алмасуы немесе қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін сыртқы ортадан өзіне керекті заттарды қабылдайды, сіңіреді, оларды қорытады, ал керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Қысқаша айтқанда жасущада ассимиляция және диссмиляция процесі үздікісіз жүріп тұрады. Жасушадағы зат алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты, оған белгілі бір ретпен өтетін көптеген химиялық реакция жатады. Бұл реакциялардың жеделдетушілері (катализаторлары) фермент болып саналады. Жасушаларда өтетін ферменттік реакциялардың жиынтығын "метоболизм", ал оның өнімдерін "метоболиттер" деп атайды. Жасушадағы барлық биохимиялық реакция орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады.

Адам қанының жасушалары

Жасушалардың тітіркеніштігі мен қозғыштығы

Жасуша ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне тітіркенумен жауап береді. Тітіркену, қозу нәтижесінде жасушаларда, бүкіл денеде қимыл әрекеті пайда болады.

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) - (гр. эндо - ішкі, гр. плазма - жапсырылған) - жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3.Митохондрия (гр. mitos - жіпше, гр. chondrion - дәнек) - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар - май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4.Лизосома (гр. mitos - еріту, гр. soma - төн) - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5.Гольджи жиынтығы - ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6.Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

Жасушаның құрылысы

 

1 - ядрошық

2 - ядро

3 - түйіршікті эндоплазмалық тор

4 - везикула

5 - түйіршікті ЭПТ ( ЭПТ -  эндоплазмалық тор )

6 - гольджи аппараты

7 - цитоқанқа

8 - тегіс ЭПТ

9 - митохондрия

10 - лизосома

11 - цитозоль (гиалоплазма)

12 - пероксисома

13 - центриоль (жасуша орталығы)

Назар аудар:

Жасуша, оның құрылысы - 1

Материяның құрылымы

Жасушалардың зақымдануы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Диана

Оте керемет зериттеу

Жанайым

Өте пайдалы мәлімет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз