Қазақта бірінші баланы ата-әжесінің қолына беріп тәрбиелеу, бұрыннан келе жатқан салт. Бұл салтты қазір біреу бұрыс десе екіншісі дұрыс деп жатады. Ата әжесінің қолында өскен бала оларды ата анасындай көріп, құрметтейтін болады. Бала жастайынан, өмір көрген адамдардың қолында өскен соң, ойы да түзу болмақ. Көп қазақ балалары ауылда, аталары мен әжелерінің қолында тәрбие көргеннен кейін оларды құрметтеуді, парыз ретінде көреміз. Ал өскен соң қалаға келіп білім алып, дамуға талпынуға тырысу үшін оларды қалдырып кетіп жатамыз. Сол себепті көп қарттар өздері жалғыз қалады. Көп жағдайда оларды баласы да, немересі де ұмытып, көріспей кетеді. Бұл олар үшін өте ауыр соққы. Олардың жастары үлкен болған соң, ауырып бір зейнетақы ға өмір сүреді. Қазақстандағы әйелдер зейнеткерлікке 58 жастан, ал ерлер 60 жастан бастап шығады. Оған дейін олар жұмыс істеп, өз нандарын табуына тура келеді. Зейнетақы дәріге, азық түлікке және үйге төлеу үшін тіпті жетпей жатады. Сол себепті далада қысы, жазы демалмай гүл, киім, көкөніс сатып ақша тауып отыратын қарттарды жиі көреміз. Бұл қоғамның дұрыс жұмыс істемейтінін дәлелдейді. Қазақстанда 67 ден көп қарттар үйі бар, және ол жерде 12 мыңнан астам қарттар өмір сүреді. Бүл көрсеткіш жыл сайын көбейіп жатыр. Ол кісілерде амал жоқ. Бұның бәрін өзгерту үшін, біз бір мемлекет болып үлкен жұмыс жасауымыз керек. Мысалы ең төменгі зейнетақы 100-150 мың арасында болып, балаларға қарттарды құрметтеуді 1 сыныптан бастап үйретіп, қарттарға көмек дейтін ұйымдар көбірек ашылып, өмір сүру жағдайын жасап берсек, ол кісілерге де біздің елде тұру бақыт болар еді. Бұл мәселеге көбісі мән бермиінше, қазір болып жатқан жағдай жалғаса бермек. »Үлкенге құрмет, кішіге ізет» демекші, біз ол кісілерге барша құметімізді көрсетіп, жағдай жасап беруіміз керек. Себебі олар бізді осы дәрежеге жетуімізге көмектесті. Біздің жастар деп мақтана алатындай, ел болуымыз болашаққа маңызды.
Зекен Айдана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі