Тағамдарың, салаттардың дәмін келтіру, ас қорытылуын жеңілдету, имунитетті күшейту тұрғысынан маңызды С дәруменінің қоры саналатын лимон тарихта дәрі ретінде де, уларға қарсы у қайтарғыш және құрт-құмырсқаларға қарсы у ретінде де қолданылған. Лимон дәрі іспеттес жеміс және пайдасы санап бітіре алмайтындай дәрежеде өте көп.
Бұлардың кейбірлері мыналар:
Ауыздағы жағымсыз иістерді кетіреді.
Қақырық түзбейді.
Өт айдайды.
Тәбетті арттырады.
Жүрек айнуының алдын алады.
Құсуды тоқтатады.
Ас қорытуды жеңілдетеді.
Ісікті кетіреді.
Асқазанды қуаттандырады.
Шөлді басады.
Іш өткенге қарсы пайдасы бар.
Жүректің қатты соғуын басады.
Бауырдың жұмысын жақсартады.
Геморрой ауруына жақсы әсер етеді.
Сыздап ауырған жерлерді кетіреді.
Теріге жағылса құлпыратады.
Беттегі секпілдерге қарсы пайдалы.
Жылтыратушы, тазалаушы.
Сияның дақтарын кетіреді.
Қабығы күйе түсуге қарсы пайдалы.
Қабығы жағылса (өртелсе), бөлмені тазалайды (дезинфекция ретінде пайдалы).
Дәнінің ұнтағы уларға және улануға қарсы пайдалы.
Тамақ ауруы: Балмен араластырылған лимонды емдік сироп ретінде ішуге болады.
Безеулер: Лимонның суы балмен араластырылып безеулі жерлерге жағылады.
Әлсіздік: Білектерге 1-2 тамшы тамызып ақырын ысқылау денені аздап сергітеді.
Тұмау: Шәйға немесе ыстық суға қосып ішу керек.
Жәндіктер: Ара немесе маса шаққан жерге лимон су мен балды араластырып жағу пайдалы.
Әсемдік: Тырнақ дақтары лимон суымен ысқыланса әдемірек көрінеді.
Иісті қолдар: Пияз, сарымсақ иістері қолға сіңген жағдайда лимонмен ысқылау жағымсыз иісті кетіреді.
Шынтақ пен Тобықтар: Жылы суға лимон суын қосып ысқылаған пайдалы.
Ісіктер: Лимон ісіген жерлерге жағылса пайдалы.
Бас мүшелері: Лимон суы бет сал ауруларына пайдалы келеді.
Көру: Лимон суынан дайындалған көз тамшылары көзге пайдалы.
Тыныс жолдары: Жүрек қағысын реттейді және лимон тосабы өкпемен тамаққа пайдалы.
Улану: Дәндерін қайнатылып дайындалған шәрбәті ыстық күйінде тұтынылған жағдайда улануларға қарсы әісерлі болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Амирбек Аңсар
Сіздерге көп рақмет
Аңсар
Маған Осы Саит ұнайды.
Өйткені маған керекті мәліметтердің бәрі осы сайтта жазылған. Сіздерге Алланың нұры жаусын
Айдана
лимонның пайдасы туралы өте көп мəлімет алдым. сол себепті сіздерге көп рахмет. егер білсеңіздер лимонның сыртының пайдасы кандай екенін жазыңыздаршы
Жаннур
Ия барлықтарыңызға келісем. Лимонның осынша пайдасы бар екенін біліп жүремін ендігіден былай
Қатира
Мағанда осы. Сайт ұнайды сіздерге көөп рахмееет