Әулиелердің бірі басынан өткен істі былай деп баяндайды. Бір күні Мекке Мукаррамада алтын салынған қалташығымды жоғалтып ақшасыз қалған едім. Басрадан ақша күтіп жүрдім. Шашым сақалым қатты өсіп кеткен еді. Бір шаштаразға кіріп былай дедім:
— Ақшам жоқ еді, Аллаһ ризалығы үшін шашымды қысқартып бересіз бе?
Шаш алып жатқан кісі ол кезде бір адамның шашын алып жатқан болатын. Қасындағы бос орындықты көрсетіп «мынаған отырыңыз!» деді де, алып жатқан адамын тастап менің шашымды ала бастады. Оған ана адам ашуланған сыңай білдірді. Шаштараз оған:
— Ренжімеңіз аға! Сіздің шашыңызды ақша үшін алып жатырмын. Ал мына жігіт Аллаһ ризалығы үшін өтінді, Аллаһ үшін болған істер алдыңғы қатарда тұрады және оның құны болмайды, яғни Аллаһ үшін жасалған істің сауабы өте көп болмақ, құлдар оны өтей алмайды.
Шаштараз шашымды қысқартып болған соң қинап қалтама бірнеше алтын салып: «Қажеттіліктеріңе жаратасың, мүмкіндігім осы ғана, ренжіме» деді.
Арадан бірнеше күн өтіп күтіп жүрген ақшам келді. Әлгі шаштаразға бір қалта алтын апарып бергенімде «мүлдем алмаймын» деп сөзін былай деп түйіндеді:
«Аллаһ үшін жасалған істің құнын құлдар өтей алмайды демедім бе? Жолың ашық болсын, Аллаһу та’ала саған амандық берсін».
Онымен разылық алып қоштастым, бірақ арадан 40 жыл өтті, оған әлі де дұға қылып келемін, оған дұға етуден тыйыла алмай жүрмін, түндерде де тұрып оған дұға етемін».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі