Алғашқы тәрбиенің уызын қыз бала өз отбасынан бойына сіңіреді. Отбасында берілген тәрбие оның болашағына зор әсер етеді. Содан болар, халқымыз "тәрбие-тал бесіктен" деген екен. Сонымен, заманына қарай қоғам өзгеріп тәрбие ортасыда кеңейді. Десек те, ұлттық құндылықтарымызды берік сақтап ұрпағымызға саналы, салауатты тәрбие беру маңызды. Қазіргі заман ағымына қарай қыздарымыздың тәрбиесі өзгергені анық. Қыз баланың жүріс-тұрысы, киім үлгісі тәрбиенің белгісі болып саналады.
Қазақ халқы қай кезде де қыздың тағдырын, қыздың тәрбиесін жоғары қойған. Ұлтымыз қыз баланы ардақтап ұстаған, еркелете отырып, есіртіп жібермеген. ның болашағы үшін, жақсы әулетке келін болу үшін барын салған. Бауыржан Момышұлы атамыз бір сөзінде: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін» деген екен. Қыз баланың киінген киімі, сөйлеу мәнерінеy-ақ оның алдымен берген ата-анасының тәрбиесін байқаймыз. Дұрыс тәрбие, тағылым беру - ата-ананың міндеті. Қызыңызды тәрбиелеңіз, құрметтеңіз.
Қазір интернетте мектеп оқушы қыздардың бір-бірімен шаш жұлысып, аяусыз соққыға жыққаны, екі ойы енді ғана пісіп жетілген қыздардың аяғы ауыр болуын естіп жатырмыз. Бұл жайтқа кім кінәлі? Бұған әу бастан тәрбие-тағылым үйретпеген ата-ана кінәлі ме? Әлде бойына тәрбиені сіңірмеген бойжеткен кінәлі ме? Қыз баланың оғаш қылық көрсетуі әке махаббаты, мейірімділік, жылулық көрсетілмегеннен пайда болады. Қыз деген нәзік жаратылыс. Отбасыда әкелік махаббат, қамқорлық, көңіл бөліп отырған абзал. Себебі, үйде жылулық сезінбеген қыз мейірімділікті айналадан емес, айдаладан іздейтін болады… Қорыта келгенде, бойына намыс оты ойнаған, иманды да инабатты қазақтың текті қыздары көп болғай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі