Армансыз адам, қанатсыз құс демекші, әр адамның өз арманы, өз мақсаты болады. Бұл фәниде арманын арман қылып қалдырған пенделер жетерлік. Сол арманшыл пенделердің қатарына қосылу өмірдегі ең үлкен қорқынышым. Мен жеке-дара тұлғамын, меніңде армандарым жетерлік.
Бұрын маған арман болған нәрселер қазір менде барына бір Жаратқанға сансыз шүкірлік етемін. Қазір арман болған нәрселерім болашақта менде болуы үшін бар еңбегімді, бар күш-жігерімді саламын. Менің осы жылдың соңына дейін орындағым келетін бірнеше арманым бар. Солардың бірі-ата-анама құны өшпес қымбат зат сыйлау. Ата-анам менің өсуіме, армандарымның шындыққа айналуына бірден-бір себепкер болған асыл жандар. Менің барлық арманымды бала арман деп қарап қана қоймай, маған сеніп барлық дегенімді жасады. Ата-анамның разылығын алып, қуантып жүру өмірдегі ең үлкен арманым. Әрине ата-анамды Меккеге 3 рет арқалап апарсамда, қарызымды өтей алмайтынымды білемін, бірақта олардың көз-қуанышы болу үшін барлығын жасап, олар үшін ең жақсы қыз болуға тырысамын. Маған сеніп, мені моральдық жағынан әрі материалдық жағынанда қолдады. Бұл кісілердің арманын орындау, менің басты арман мақсаттарымның бірі. Және осы арман жолында жұмыстанып келемін.
Кейде пенде болғасын шаршадым деп күпірлік жасап қоямын, бірақта кейіннен ата-анамның менімен мақтанған, қуанышты жүздерін көргенде қалай шаршағанымды ұмытып кетемін. Және сол сәтте өзімнің армандарымның орындалып жатқанына қуанып, шүкіршілік етемін. Шынымен әр арманым жұмыстанған сайын орындалуда.
Негізі шыныменде, жұмыстанған сайын бұрын қол жетпес арман болып көрінген нәрселерім, еңбектеніп жұмыстанған сайын шындығыма айналып жатыр. Әлі талай армандарымды бағындыратыныма сенемін, және сол арман жолында еңбек етіп, өз дегеніме жетемін.
Қортындылай келе армандаңыздар, мақсат етіңіздер, сол арман жолында еңбек сіңіруден шаршамаңыздар!
Саадатқызы Диана
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі