Өлең, жыр, ақындар

Сұхбат: “Мисс-Атырау 2022”

Қайырлы күн, құрметті оқырман! 

Бүгінгі таңда сұхбат алуды жоспарлап отырмыз. Атырау облысында 2022жылы “Мисс Атырау” атты арулар байқауы өткен болатын. Сол кезде “Мисс Атырау” атағына ие болған Жанэль Мырзатаева ханымнан сұхбат алуды жөн көрдік. 

— Қалайсыз, Жанэль ханым? Бүгінгі сұхбатқа келіскеніңізге көп рахмет! Ендеше, бастайық! 

— Көп рахмет, Дильназ ханым! Қайырлы күн, Атырау халқы!

— Сізге арналған сұрақтарымызға көшейік, елдің көкейінде мазалап жүр деп ойлаймын
1. “Мисс-Атырау” байқауына қатысар алдын қандай сезімде болдыңыз?
2. Алдағы уақытта Қазақ аруларына қазақ қызына сай қандай өнеге қалдырасыз?
3. Байқау кезінде қиындықтар туындады ма? 
4. Байқау кезеңінде немесе дайындықтар кезеңінде қандай қызықтар есіңізде қалды?
5. Мисс атағын алған кезде қандай сезімде болдыңыз?

— 1. Кастинг кезеңі мен үшін өте оңай өтті. Кастингке еш алаңдамай бардым, жақын адамдарымның қолдауының арқасында өзіме деген сенімділік болды.
2. Мен Мисс Атырау байқауын алғаныммен өзімнің қарапайым болып қала дәлелдегім келеді.
Бұл ісім меннен кейінгі “Мисс Атырау” байқауының болашақ жеңіпаздарына өнеге болып қалуы үшін, тек қана болашақ мисстарға ғана емес, бүкіл қазақ қыздарына өнеге болуы үшін ісіммен дәлелдейтін боламын. Мысалы: мұнайлы астанамыз, туып өскен сүйікті мекеніміз Атырау қаласын қоқыстардан тазалау, өмірі үшін күресіп жүрген кішкентай бөбектетерімізге көмектесу, Атырауымыздың мақтаныштары, яғни, еріктілер тобымен түрлі қайырымдылық жұмыстарын жүргізу, тағыда медбикелермен бір күн сияқты қайырымдылық акцияларын жүргізетін ойларым бар.
3. Атырау аруы мен Қазақстан аруы байқаулары өте қызықты өтті, қандай да бір қиындықтар болды деп айта алмаймын, бірақ сол кездеді сезімдерді ешқашан ұмытпаймын. 
4. Атырау Аруы байқауында финал кезені есімде қалды, тәждің алдында қалай отырғанымызды және нәтижелерді күткеніміз, жеңімпаздың атын білгіміз келді, Толқуды сезінген сәттердің бірі.
5. Мен не болғанын бірден түсінбедім, бәрі түсімдегідей болды, бірақ мен өзімді өте қуанышты және бақытты сезіндім.

Ал, құрметті оқырман  осымен сұхбатымыз өз мәресіне жетті. Алдағы уақытта Жанэль ханым жақын арада өтетін “Miss Students” байқауында жеңімпаз атанған аруға өз тәжін ұсынатын болады. Сәттілік тілейміз! Келесі кездескенше!

Амангалиева Дильназ Орынгалиевна 1 курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз