Өнер атаулының ішіндегі ең биігі – театр. Мәдениеттің ошағы саналған алтын орда ел руханиятына қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда бағыттары саналуан театрлар бар. Оның ішіндегі дарасы «Алатау» дәстүрлі өнер театры. Алатаудың баурайындағы, көркі көз тартатын «Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақтың дәстүрлі өнерін насихаттайтын бірден-бір орда. Дәстүрлі ән, жыр, терме, күйге арналған шығармашылық кештермен қатар, театрландырылған қойылымдар сахналанатын Алатау театрында өтетін әрбір іс-шара өзінше ерекшеленеді.
5 жылдан астам уақыт бұрын ашылған «Алатау дәстүрлі өнер театры» халық жүрегіне, әсіресе жастар жан-дүниесіне дәстүрге деген махаббатты сіңдіруде. Орталық Азияның жалғыз дәстүрлі өнер театры қауым арасында мәдени орталыққа айналғаны сөзсіз айқын. Бұған түрлі спектакльдер, қойылымдар, ән-жыр және де ойын-сауық кештері дәлел бола алады. Театр қабырғасында 60-тан астам әртістер мен өнерпаздар жұмыс жасап, мекемеде көптеген тақырыптық апталықтар өткізіледі. Театр қызметінің негізгі бағыты қазақ халқының шығармашылығын дәріптеу болып табылады. Соның ішінде үлкен зейін балалар мен жастарды өнер мен дәстүрге бейімдеу.
Қазақ театры әлемдік сахна өнерінің ажырамас бір бөлігі десек, бүгінгі таңдағы дүниежүзілік театрларда өтіп жатқан процесстерден не хабарымыз бар деген ой көкейімізге оралары сөзсіз. Өзіміздің азды-көпті тәжірибемізге сүйене ой қозғасақ, соңғы онжылдықта қазақ театрында орын алған шығармашылық тоқыраудың іргесі әзірге сөгілген жоқ. Салатын әніміздің сазы да өзгермеген, баяғы мәселелер: драматургия, режиссура, актерлік шеберлік түйіткілдері, әрине, театр сынының жоқтығы тағы бар. Қазақта драматургия жетерлік, бірақ оны қоятын режиссер де, ойнайтын тәуір актер де жоқ деп бір-бірімізбен керілдесіп жүргенімізде әлемдік театр әлдеқайда алға жылжып кетіпті. Тіпті, он-он екі жылға ілгері жүр деп те айта аламыз. Дәстүрлі театрлар қашанда керек. Олар біздің тіліміз бен діліміздің мызғымас ұстыны. Дәстүрлі театрдың өз көрермені бар, жақтаушылары мен қорғаушылары да қашанда қасынан табылмақ.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын - сауықтар, ақындар айтысы, т. б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Мәдениеттану мамандығының 4 курс студенті Орын А.А.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Құдайбергенов С.Е. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі