Қазақстандағы мобилография

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Қазақстандағы мобилография

Қазақстандағы мобилография — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Мобилография саласы, видео, пайдалы ақпараттар — осы тақырыптарға байланысты.

Мобилография - бұл кәсіби фотоаппараттың көмегіне жүгінбей, сандық камерасы бар электронды құрылғыларды қолдану арқылы сапалы бейне жасайтын фотосурет түрі.

Мобилография тарихы

Жанр ретінде жылжымалы фотография осы ғасырдың басында қалыптасты. Бұл әрине, камералармен жабдықталған технологияның таралуына байланысты болды.

Ұялы фонографияның бастаушысы – ломография. Ломографияға деген қызығушылық 1993 жылдан бері пайда болған. Дәл осы жылдары Ленинградтың оптикалық-механикалық қауымдастығы арзан және ыңғайлы камераны ойлап шығарды. «LOMO-Compact» деп аталатын бұл камераның бағасы шамамен 10$ болды.

Аппарат Вена өнер академиясының студенттерінің арқасында танымал болды. Олар Прага қаласына барып жолда кездескен қызықты ескерткіштерді суретке түсірген. Бірнеше ракурстарды қамтып түсірген фотосуреттерінің арқасында бірнеше күнде осы камера жоғары сұранысқа ие болған.  

Ал «Мобилография» терминінің авторы - ресейлік суретші Дмитрий Резван. 2004 жылы Дүниежүзілік мобилографтар қоғамы құрылған. Ол «Әлемнің мобилограммасын құру және әлемде мобилографияны тарату» міндетін негіздеді.

Ал мобилографияны Қазақстанға алып келген яғни танытқан ол Қыран Талапбек. Қазіргі таңда 70-мыңдай студентті бар. Жалпы мобилография әлемді ерекше көзбен көру және сол ерекшелікті телефон арқылы халыққа жеткізу. Қазақстанда мобилография соңғы 1-2 жылда жақсы дамып келеді. Керек десеңіздер Президенттіміздің өзінде жеке мобилографы бар. Мобилографияның артықшылығы телефонға видео түсіріп және соңы тез уақытта монтаждау. Әрине бәрімізге бұл мобилографиямен ақша табуға бола ма? Болашағы бар ма? деген сұрақтар мазалауы мүмкін, мен бұл сұраққа еш ойланбай ия деп жауап беремін. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда 1,5 млнға жуық бизнес бар екен. Бизнесті халықта көрсету, сату үшін кім керек? Әрине мобилограф маманы керек. Мобилограф маманы видеоңызды тез уақыт аралығында дайындап береді және ол телефонның қарапайым камерасына болсада өте сапалы болады.

1 курс дінтану мамандығының студенті: Мырас Біржан
Жетекші аға оқытушы: Тунгатова У. А.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстандағы мобилография деген не?

Бұл бетте Қазақстандағы мобилография тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қазақстандағы мобилография материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Мобилография саласы тақырыбындағы материалдар видео тақырыбындағы материалдар пайдалы ақпараттар тақырыбындағы материалдар aiymbagi жариялаған басқа материалдар