Наурыз - парсы сөзi, нау - «жаңа», руз - «күн» деген сөз, қазақшалап айтқанда,«жаңа күн» деген сөз. Бұл 21-нен 22 қараған наурыз күнi күн мен түн теңеледi. Сонан кейiн күн ұзарып, күн жылына бастайды, малдар төлдейдi, жаздық дайындығы басталады, яғни тоқсанның басы 22 наурыз болғандықтан, бұл күн «наурыз» - «жаңа күн» деп аталады.
Қазақ халқы да ежелден өзiнiң ұғымы бойынша уақыт есебiн жүргiзген. Айға, жылға ат қойып, iс жүзiнде қолдаған игiлiгiне жаратқан. Бұл негiзiнде арғы түбiрлерi түрiк халықтарына ортақ болғанмен, қазақ арасында өзiндiк қалпын өзгертпей сақталған. Жылды хайуандар атымен атау дәстүрi қазақта күнi бүгiнге дейiн бұлжытпай сақтағаны, қолданылып та келе жатқаны жұртқа мәлiм. Әр айдың өзiндiк аттары бар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит, доңыз жылдары болып есептеледi.
Мейрам құтты болсын ағайын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі