Дін адамының рухани көрінісі — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.
Материал — дін, Қоғам — осы тақырыптарға байланысты.
Дін адамның рухани көрінісі. Діни сауатты жан оны әрдайым ұстап шарттарын орындауға тырысады. Қазір елімізде діни қызығушылық діни практиканың күшейіп жатқандығын байқаймыз. Әсіресі, жастардың қызығушылығы көңіл қуантарлық. Жас буын еліміздегі дін жағынан зайырлылық ұстанатынымызды айқын біледі және басқаларға толеранттылық көрзқараста. Елімізде екі діни бірлестіктің ұстанушылары басқаларынан қарағанда басымырақ. Олар: ислам және христиандық православие діндері. Халқымыздың 70%-ы ислам дінін ұстанса, 26%-ы христиан дінін құрайды. Соңғы уақытта исламға деген қызығушылық жастар арасында қызу тақырып. Осы жерде діннің дұрыс жолда таралуы маңызды өйткені түрлі деструктивті радикалды ағымдардың әсеріне тап болып оның құрығына түскендер қаншама. Өзін дұрыс жолда жүрмін деп санағанның өзінде де әр келген яки оқыған ақпаратты сыни ойлап оған талдау жүргізе білуі керек. Қазіргі заманда сауатты адам деп - әріп танып жаза білетін және оқи алатын адамды емес, оқып жатқан ақпаратына 'не үшін бұны оқып жатырмын' деп рационалды ойлана білетін, ақпаратты мақсатына сай сұрыптайтын адамды айтамыз. Жастарды түрлі мақсатта өз арампиғылды ойларына пайдаланып, олардың болашақтарына балта шауып еліміздің жас буынын қолдануға еш мүмкіндік бермеуіміз тиіс. Ал ол үшін діни сауаттылықты арттырып оларға қарсы санамызда иммунитет қалыптастырған жөн.
Дінді кез-келген ақпарат құралдары ала беруге болмайды. Ол ақпарат көзі сенімді әрі мамандармен тексерілген білім көзі болуы қажет. Соның ішінде елімізде ресми түрде тіркелген muftyat.kz, mitropolia.kz, деген секілді 18ресми тіркелген діни конфессиялардың сайттарын интернет ақпараттарын алу керек. Ал кітаптарға келетін болсақ ел ішінде діни сипатта кітап тарататындар да баршылық, бірақ кітап мұқабасының алғашқы беттерінде дінтанулық сараптамадан өткен деген жазуға мән беріп барып оқу қажет.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Өмірзақов Арман
Бұл бетте Дін адамының рухани көрінісі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Дін адамының рухани көрінісі материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі