Болашақ біздің кім және қалай өмір сүретініміздің кепілі. Алайда, дұрыс алға ұмтылу үшін ең алдымен бағыт қажет. Біздің болашаққа қадам басудағы ең басты мақсатымыз білімді, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасу. Білім -өшпейтін шырақ. Сағат сайын жаңарып жатқан заманда білім сапасының алар орны ерекше. Осы жолда тек елімізде ғана емес, әлемдік аренада өзін таныта білген ерекше білім ордасы – Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ. Ірі тұлғалармен қатар қазірде мансабы өрге домалаған білікті мамандарда дәл осы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері екендігі кез-келген жас буынды қуантары сөзсіз. Себебі, әрбір студенттің, әрбір жас буынның арманы өз елінің дамуына үлес қоса алатын білікті маман, бетке ұстар тұлға болып қалыптасу.
Бүгінде білім ордасының бағындырған шыңдары жетерлік. Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.
Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді. Британдық "Times Higher Education" агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 1001-1200 позициясын сақтап қалды, Asia University Rankings рейтингінде 401-500 - орын, THE Emerging Economies rankings-351-400-орын, the Impact Rankings рейтингінде-801-1000 орынды иеленді.
Ең экологиялық университеттердің "UI Green Metric Ranking of World Universities" жаһандық рейтингінде университет 212-ші орынға ие болды.
Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ құрамына 16-факультет, 32- зерттеу ғылыми институты кіретін білім ордасында барлық қажеттіліктер қамтамасыз етілген. Қазірде ҚазҰУ аумағы қала ішіндегі ғажайып қалашық. Студенттік өмірдің қызығын сезіндіру мақсатында әрбір студент өз қабілетін көрсетіп, даму үшін түрлі ұйымдар құрылған. Студенттер бірлесе әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, тіпті елімізге пайдасы тиетін бастамаларды да қолға алуда.
Өмір сүр, үйрен, іске асыр- Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ ұраны осы. Иә, осы жолда жастардың білім алу жолында кәсіби оқытушылардың, тәжірбиесі мол әрі білікті профессорлардың еңбегі зор. Бұл мекен жастардың арман жүзеге асатын ғажайып орта.
Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да,
Ақыл сөзді сіңірсең, жоғалмайтын сол мұра!, - деп Махмуд Қашқари білім мен ақылдың күшін бір ауыз сөз арқылы жеткізгендей. Шынымен, білім алудан, білімді болудан ешқашан бас тартпау қажет. Себебі, бүгінгі бізге берілген білім алу мүмкіндігі ертеңіміздің негізі. ҚазҰУ- өмірлік сабақтар, қызықты сәттер, ерекше естеліктер мен нағыз білімнің мекені.
Елге еңбегі сіңген талай дүлдүлдер, аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері білім алған киелі қара шаңырақ Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың келешегі кемел болары анық. Өзінің имиджін қалыптастырып қана қоймай, әлемдік аренада өзін таныта алған бұл орданың әрбір шәкіртінің болашағы жарқын. Еліміздің дамуы мен нығаю жолында беріп жатқан әрбір рухани біліммен мол тәжірибені жүзеге асыру әрбір студент парызы.
Асхатов Әкежан Ибрагимұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі
"Есеп және аудит" мамандығының 4-курс студенті
Жетекші: аға оқытушы Исаева А.А.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі