- Адамдар оптимисттерді мақтап, пессимисттерді жамандап жатады. Негізінде бұлардың екеуі де бізге қажет. Мысалы оптимисттер ұшақты жасады, ал пессимисттер парашютты жасады.
- Оптимисттер пайдасын, артықшылығын айтады, пессимисттер кемшілігін айтып оны жөндеуге қадам жасайды.
- Пессимисттер проблема тудырады, оптимисттер шешеді.
- Пессимист кір жуғыш мәшинеден тақ мөлшерде шұлық алғанында «қап біреуі жоқ» деп өкінеді. Ал оптимист «бәрекелді, запас шұлық пайда болды» деп айтады.
- Пессимисттер «бұдан асқан қиын жағдай болмайтын шығар» десе, оптимисттер «болады, болады», «болғанда қандай» деп айтады.
- Оптимист ең бірінші «алақайлап» айғайлайтын адам емес. «Қап әттеген-ай»ды ең соңынан айтатын адам.
- Оптимист ақшасы жоқ бола тұра іс бастап табысқа жететін адам, пессимист ақшасы бола тұра банкротқа ұшырайтынын ойлап қимылдамайтын адам.
- Жалпы пессимист – біраз нәрседен хабардар оптимист деген сөз.
- Барлық адамда осы екеуінен де үлес болады, әркімде әртүрлі деңгейде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі